ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Білім және ғылым / Әлемнің ең мықты жас биологының есімі Қазақстанда...

Әлемнің ең мықты жас биологының есімі Қазақстанда анықталады

Білім және ғылым 15.05.2024, 10:26 844
Әлемнің ең мықты жас биологының есімі Қазақстанда анықталады
Сурет: Gov.kz
Қазақстанда биология пәнінен халықаралық IBO-2024 олимпиадасына дайындық жүріп жатыр.

Қазақстанда биология пәнінен халықаралық IBO-2024 олимпиадасына дайындық жүріп жатыр.

Олимпиадаға әлемнің 81 елінен 300-ден астам оқушы және 500-ден астам ғылыми жетекші мен қонақтар келеді деп күтілуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

IBO-2024 биылғы жылдың 7-14 шілдесі аралығында Назарбаев университеті базасында теориялық және 4 практикалық тур (биохимия, молекулалық биология, биоинформатика, жануарлар анатомиясы және физиологиясы) бойынша өткізіледі.

Қазақстандық жас ғалымдар мен өткен халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарынан тұратын IBO-2024 ғылыми комитеті практикалық және теориялық турларға тапсырмалар әзірлеп, осы жылдың наурыз айында стресс-тест жүргізді.

«Биологиядан халықаралық олимпиаданы жоғары деңгейде өткізу мақсатында Қзақстан Республикасы Үкіметінің бірлескен қаулысы қабылданды. Әлемнің 81 елінен келген оқушылар елорданың мәдени орындарын аралайды және Қазақстанның інжу-маржаны – Бурабайға барады. Сондай-ақ команда жетекшілері кәсіби тәжірибе алмасуға, олимпиаданы ұйымдастыру мен өткізуге арналған семинарлар мен конференцияларға қатыса алады», - дейді «Дарын» РҒПО директоры Ғаждембек Тұрсынов.

Анықтама үшін: Биология пәнінен халықаралық олимпиада (IBO) – әлем елдерінің жоғары сынып оқушылары арасындағы ең ауқымды жарыс. Қазақстандық оқушылар ғылыми жарысқа 1996 жылдан бері қатысып келеді. Осы уақыт ішінде олар 2 алтын, 20 күміс, 54 қола медаль және 14 Құрмет грамотасын жеңіп алды, бұл жоғары көрсеткіш болып саналады. Қазақстанның осындай беделді іс-шараны өткізу орны ретінде таңдалуы да сондықтан.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.