ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлем / Әлемге дипломатия мен диалог қажет

Әлемге дипломатия мен диалог қажет

Әлем 24.09.2024, 13:35 1,307
Әлемге дипломатия мен диалог қажет
интернет
22-23 қыркүйек күндері Нью-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтерінде «Болашақ саммиті» өтті.

22-23 қыркүйек күндері Нью-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтерінде «Болашақ саммиті» өтті. 

Бұл шара ұйым үшін келесі ұрпаққа арналған маңызды оқиға ретінде қарастырылады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Саммитте сөз сөйлеген спикерлердің бірі – Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу болды. «Орда» БҰҰ мінберінен айтылған негізгі ойларды қысқаша ұсынады.

Ең алдымен, орта мемлекеттердің даусының маңыздылығы туралы сөз қозғалды. Жақында ғана Қазақстанды осы мемлекеттер қатарына қосқан болатын.

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, орта мемлекеттер мен дамушы елдердің даусы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде күшейтілуі және анық естілуі керек. Геосаяси тұрақсыздық пен экономикалық белгісіздік кезеңінде әлемге дипломатия мен диалог қажет», - деді Нұртілеу.

Сыртқы істер министрі Қазақстан үшін өте өзекті мәселе — тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбын да қозғады:

«Әділетті Қазақстанды құру — негізгі мақсатымыз, және біздің еліміз өлім жазасын алып тастады, азаптаулар мен тұрмыстық зорлық-зомбылыққа абсолютті төзімсіздік саясатын енгізді, сондай-ақ ұлттық алдын алу механизмін күшейтті».

Министр сонымен қатар климат мәселелерін де атап өтті. Атап айтқанда, Қазақстанның Орталық Азия мен Ауғанстан үшін БҰҰ тұрақты даму орталығын құру туралы ұсынысын еске салды. Бұдан бөлек, Нұртілеу Қазақстанның ядролық қарусыздану мәселесіндегі ұстанымын айтты:

«Мұрат Нұртілеу халықаралық қауымдастықты болашақта ядролық апаттың алдын алу үшін бірлесіп жұмыс істеуге шақырды»,-деп хабарлады СІМ сайты.

Қазақстан атынан министр «Болашақ саммитінің» үш негізгі құжатын — Болашақ Пакті, Жаңа Ғаламдық сандық келісім мен Болашақ ұрпақтарға арналған декларацияны қолдайтынын мәлімдеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,261 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.