AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Әлемдік мәдени мұралар жойылып барады

Әлемдік мәдени мұралар жойылып барады

Әлем 01.08.2023, 14:00 1,583
Әлемдік мәдени мұралар жойылып барады
Сурет: Qazaly.kz

Жыл өткен сайын Жер бетінде көненің көзі саналатын мұралар азайып барады.


Бірі қарулы қақтығыс салдарынан жойылса, енді біріне климаттың өзгеруі кәдімгідей кесірін тигізіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.


Ахуалға байланысты ЮНЕСКО ұйымы дабыл қағып, ғасырлар бойы сақталып келген тарихи қазынаны мейлінше қорғап қалуға шақыруда. Суданда интеллектуалды мұра жойылып жатыр. Ел ішіндегі тұрақсыздықтан Хартум қаласында ең ірі кітапхана өртеніп кетті.


Ұлттық музей де шабуылға ұшырап, біраз жәдігер жойылды. Қолда бар мәлімет бойынша, елде қарулы қақтығыс басталғалы 30-ға жуық мәдени һәм археологиялық ескерткіш қираған. 4 музей бүлінген. Мамандар олардың бәрінде ежелгі өркениетке тән бұйымдар сақталғанын айтады. Сонымен қатар, ЮНЕСКО-ның мұралар тізіміне енген 2 нысан аумағында тонау әрекеттері жиілеп кеткен. Соған қарамастан, мамандар құнды жәдігерлерді барынша қорғауға тырысып жатыр. Қытайда будда бейнеленген фрескаларға жойылу қаупі төнді. Атап айтқанда, үңгір ішіндегі ғибадатханада ылғалдылық артып, қабырғадағы суреттер бүліне бастаған. Бұның бәрі климаттың өзгеруінің кесірі дейді мамандар. Олардың айтуынша, кейінгі 20 жылда Ганьсу провинциясындағы ауа температурасы әлемдегі орташа көрсеткіштен біршама жоғарылай түскен. Жаңбыр да жиілеп кетіпті. Соның салдарынан кейбір жәдігер айналдырған 1-2 жылдың ішінде толығымен жойылуы мүмкін.   Шаһар суға шөгіп барады


«Венецияны Дүниежүзілік мұра тізіміне қосу керек». ЮНЕСКО мамандары жуырда осындай мәлімдеме жасады. Ұсыныс келесі айда ұйым отырысында қаралады. Өйткені су үстіндегі қала көп ұзамай құрдымға кетеді деген қауіп бар. Бұған ең алдымен климаттың өзгеруі әсер етіп жатса керек. Туристердің тым көп келуі де қалаға өз зиянын тигізіп жатыр, дейді ұйым өкілдері. Айта кетейін, аталған мәлімдемеде Италия билігінің мұраны сақтап қалу үшін ауқымды шара жасамай отырғаны да айтылады.  

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әлем #мәдени мұра #көненің көзі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);