AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Әлемдік деңгейдегі иммунотерапия Алматыда сәтті қо...

Әлемдік деңгейдегі иммунотерапия Алматыда сәтті қолданылуда

Медицина 08.04.2025, 10:43 825 dulatbekova
Әлемдік деңгейдегі иммунотерапия Алматыда сәтті қолданылуда
Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Аллергия – бұл үкім емес, ағзаның тиімсіз иммундық жауабы ғана, оны жеңуге болады.

Бүгінде Алматыда аллергиялық ауруларды диагностикалаудың және емдеудің заманауи әдістерінің барлығы қолжетімді, соның ішінде аллергенге спецификалық иммунотерапия (АСИТ) да бар. Бұл туралы Алматы қаласының бас аллергологы Таир Нурпеисов Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында айтты, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

«Кез келген аллергиялық ауруды емдеуге болады. Тіпті аллергияның өзін де толықтай емдеуге болады. Алматыда аллергияның негізгі себебін емдеуге бағытталған АСИТ әдісіне арналған заманауи, тиімді әрі қауіпсіз препараттар қолданылады – бұл осы саладағы «алтын стандарт» болып саналады», – деп атап өтті ол.

Оның айтуынша, АСИТ ағзаның аллергендерге сезімталдығын төмендетіп, уақыт өте келе сенсибилизациядан толық арылуға мүмкіндік береді. Бұл терапия әр адамға жеке таңдалады және балаларға да, ересектерге де жүргізілуі мүмкін.

Нурпеисов аллергияны анықтау бұрынғыдан әлдеқайда қолжетімді болғанын да атап өтті: терілік сынамалар, зертханалық талдаулар, отандық және шетелдік әдістер – мұның бәрі бүгінде көптеген медициналық орталықтар мен зертханаларда қолданылады, олардың басым бөлігі МӘМС жүйесі арқылы қызмет көрсетеді. Кейбір жағдайларда аллергия тіпті сәбилер мен егде жастағы адамдарда да анықталуы мүмкін, алайда дұрыс тәсіл қолданылса, кез келген жаста диагностика жасауға болады.

«Аллергия – бұл иммунитеттің бір бөлігі. Сондықтан дұрыс тамақтану, белсенді өмір салты, спорт – мұның бәрі алдын алуда үлкен рөл атқарады. Тіпті тыныс демікпесі кезінде де белсенділіктен бас тартуға болмайды. Көптеген кәсіби спортшылар бала күнінде демікпемен ауырған», – деп қосты Нурпеисов.

Қорытындылай келе, ол алматылықтарға бірнеше қарапайым, бірақ маңызды кеңес берді: балаларға стерильді жағдай жасамау, өз бетінше емделмеу, тозаң маусымында серуендеуде маска тағу, өзіңізге лайық спорт түрін таңдау және мамандарға жүгінуден қорықпау.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#аллергия #Алматы #сарапшы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);