Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / «Әлемді бірге сақтайық»: Алматыда өткен экологиялы...

«Әлемді бірге сақтайық»: Алматыда өткен экологиялық дөңгелек үстел

Әлеумет 30.05.2024, 11:05 994
«Әлемді бірге сақтайық»: Алматыда өткен экологиялық дөңгелек үстел
Almaty-akshamy.kz. 

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Алматы қаласы Түрксіб ауданының комьюнити орталығында жастар және экология саласында белсенді азаматтардың қатысуымен «Әлемді бірге сақтайық» атты дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz.

Шараның негізгі мақсаты – экологияға тигізетін зиянды азайту, қоршаған ортаны қорғау жолдарында белсенділік таныту және жауапкершілікті арттыру. Дөңгелек үстел барысында қатысушылар экологияны сақтау бағытында қандай нақты қадамдар жасалуы керектігі туралы пікір алмасты.

Талқылау барысында экологиялық құзыреттілікті дамыту, табиғатты қорғау және қазіргі таңдағы экологиялық мәселелерді шешу жолдары қарастырылды. Әсіресе, өндіріс орындарынан шығатын қоқыстарды тиімді басқару және зиянды қалдықтарды азайту мәселелері көтерілді. Жастардың экологияға деген қызығушылығы мен оларды шешуге деген ұмтылысы ерекше назар аудартты.

«Жастар ел болашағы екенін ескерсек, олардың қоршаған ортаны қорғау мәселесіне шынайы қызығушылық танытуы қуантады. Олар бұл мәселеде тек сөзбен ғана емес, нақты іс-әрекеттерімен де үлес қосып жүр. Біздің шараның мақсаты – осы белсенділікті арттыру және оларды бірлесе жұмыс істеуге ынталандыру», – деді шараны ұйымдастырушы Абдуали Расул Жеңісұлы.

Шара соңында қатысушылар табиғатты қорғау бағытындағы жұмыстарын жалғастыруға және жұмыла жұмыс істеуге уағдаласты.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Таза Қазақстан #Экология #Алматы #жастар #дөңгелек үстел
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.