ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлем / Әлемдегі ең қайырымды елдер

Әлемдегі ең қайырымды елдер

Әлем 20.12.2024, 19:50 1,153
Әлемдегі ең қайырымды елдер
Cурет: Islam.kz
Еріктілер әлемдік қозғалысқа ықпал ететін ең белсенді топқа айналған.

Еріктілер әлемдік қозғалысқа ықпал ететін ең белсенді топқа айналған.

Қазір олардың саны 5 миллиардқа жуықтайды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Біріккен Ұлттар Ұйымы бекіткен еріктілердің дүниежүзілік декларациясында олар өздерінің таланты мен уақытын, бар энергиясын ешқандай ақы күтпестен жеке және ұжымдық шараларға жұмсауға құқылы екені айтылған. Жалпы қазірде еріктілерге қоғам тарапынан қандай қолдаулар жасалған. 

Биыл Дүниежүзілік қайырымдылық индексте волонтерлік іс-шараларға қатысу, бейтаныс адамдарға көмектесу бойынша Индонезия жетінші рет үздік ел атанды. Елдегі жастардың 90 пайызы қайырымдылыққа қаржы бөліп, 60 пайызы ерікті ретінде қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысқан. Жалпы бұл тізімденгі алғашқы бестікте, Индонезиядан кейін, Кения,  Сингапур, Гамбия, Нигерия елдері бар. Байқасақ, рейтингтегі көшбасшылар көбіне аса бай елдер емес. 

Дүниежүзілік қайырымдылық индексі бойынша үздік 5 ел

Индонезия 74/100

Кения 63/100

Сингапур 61/100

Гамбия 61/100

Нигерия 60/100


Қызметке орналасуда еріктілік маңызды рольге ие

Шетелде жұмысқа орналасуға келген жас маманның түйіндемесінде волонтерлік қызметтің болуы – үлкен жетістік. Сондықтан да университет немесе колледж студенттері ерікті болуға қуана келіседі. Мәселен, Германияда "әлеуметтік жыл" деген заң бар. Яғни, орта мектепті бітіргеннен кейін кез келген жеткіншек, бір жылдай әлеуметтік жұмыспен айналыса алады. Бұл кейіннен жұмысқа орналасу кезінде үлкен рөлге ие яғни жеңілдік қарастырылады. Статистика бойынша, халықтың 34 пайызы волонтер. Олар қайырымдылық бағыттағы бірлестіктер мен жобаларда ерікті түрде, 15 сағаттан жұмыс істей алады. Қазір елде, 70 мыңдай коммерциялық емес ұйым бар. Оған 2 миллиондай ерікті тіркелген.

БҰҰ: Жыл басынан бері гуманитарлық ұйымдардың 281 қызметкері қайтыс болды

Ерікті болу ерлікпен тең. Биыл әлемде қаза тапқан гуманитарлық ұйым өкілдерінің саны бойынша "антирекорд" орнады. Жыл басынан бері 281 қызметкер көз жұмған. Тиісті мәліметті БҰҰ келтіріп отыр. Қайғылы оқиғалардың көбі Газа Секторында тіркелді. Жалпы аймақта 2023-жылдың қазанында қарулы қақтығыс басталғалы гуманитарлық ұйымның 330-ден аса қызметкері ажал құшқан. Арасында халықаралық мекеме өкілдері де бар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.