AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Жақыныңа жанашыр бол! / Әлемде маймыл шешегін жұқтырушылар саны 20%-ға арт...

Әлемде маймыл шешегін жұқтырушылар саны 20%-ға артты – ДСҰ

Жақыныңа жанашыр бол! 18.08.2022, 03:45 2,261
Әлемде маймыл шешегін жұқтырушылар саны 20%-ға артты – ДСҰ
Сурет: Egemen.kz

Вакциналарға сұраныс жоғары


Сәрсенбі күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адхан Гебрейюс әлемдегі маймыл шешегі ауруына қатысты баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


ДСҰ басшысы қазіргі уақытта ұйымға 92 ел мен аумақтан маймыл шешегін жұқтырудың 35 мыңнан астам жағдайы туралы хабарлама түскенін, бұл ретте 12 адам көз жұмғанын атап өтті.


Өткен аптада 7 мың 500-ге жуық жағдай тіркелді, бұл алдыңғы аптаға қарағанда 20%-ға көп.



«Вакциналар өршіген аурумен күресте маңызды рөл атқара алады және көптеген елдерде зардап шеккен қауымдастықтар арасында вакциналарға сұраныс жоғары», - деді ДДҰ басшысы.



Алайда, қазіргі уақытта вакциналардың қоры мен олардың тиімділігі туралы мәліметтер шектеулі. ДДҰ вакцина өндірушілермен, сондай-ақ екпелерін бөлісуге дайын елдермен және ұйымдармен тығыз байланыста.


Өткен аптада хабарлағанымыздай, ДДҰ шақырған сарапшылар кеңесі маймыл шешегі вирусының екі тобының атын рим цифрларымен өзгерту туралы шешім қабылдады.


Бұрын Конго өзені бассейнінің ауруы деп аталатын індеттің нұсқасы енді «бірінші топ немесе I» деп аталады. Батыс Африканың әртүрлілігі «екінші топ немесе II» деп аталады.



«Ауру мен вирустың атын өзгерту жұмыстары жалғасуда», - деп атап өтті ДДҰ басшысы.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әлем #Маймыл шешегі #науқас
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);