ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Білім және ғылым / Әлем университеттері қолжетімді

Әлем университеттері қолжетімді

Білім және ғылым 25.01.2023, 16:17 1,432
Әлем университеттері қолжетімді
almaty-akshamy.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау аясында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Smart-университеттер моделіне көшу жұмыстарын жүргізуде. Енді...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау аясында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Smart-университеттер моделіне көшу жұмыстарын жүргізуде. Енді қазақстандық студенттер үшін әлемнің жетекші университеттерінің өзекті курстары қолжетімді.


Алматыдағы Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде жоғары оқу орындарына арналған Cours­era for Campus білім беру платформасын енгізу әдістемесін таныстыру мақсатында Coursera day семинары ұйымдастырылды. ҚР Ғылым және білім министрі Саясат Нұрбектің қазақстандық жоғары оқу орындарына жаппай ашық онлайн курстарын (ЖАОК) енгізу және жетекші курстарды орталықтандыру жөніндегі бастамасын қолдау мақсатында ХАТУ білім ордасы Coursera өкілдерімен бірге маңызды қадам жасап отыр. Алқалы жиында Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің мысалында Coursera for Campus платформасын енгізу әдістемесі тақырыбы таныстырылды.


Жалпы, бұл бастама қазақстандық жоғары оқу орындарына әлемдік білім беру жүйесімен тығыз байланыста болуға көмектеседі. ЖАОК – заманауи қашықтықтан білім берудің қарқынды дамып келе жатқан оқыту курстарының түрі.



«Coursera day» конференциясының ашылуында ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі К.А.Ерғали, ХАТУ АҚ басқармасының төрағасы – ректоры Асқар Хикметов сөз сөйледі. Білім ордасының халықаралық ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры Евгения Дайнеко оқу орнының осы саладағы тәжірибелерін айтты.



Жиынды Халықаралық байланыс департаменті директоры Н.Ж.Нальгожина жүргізді. «Coursera Day» конференциясында платформаны Орталық Азиядағы кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі директор Эдуард Кан таныстырды. «Coursera» платформасының қоғаммен байланыс менеджері Сиддхарта Нагар ЗУМ жүйесі арқылы қатысты. Платформа интерфейсі барлық тілде ал, платформа курсының 90%-ы ағылшын тілінде жүргізілді. Университет сарапшылары да спикерлер ретінде сөз алып, қазақстандық жоғары білім ордаларының оқу процесіне үздік шетелдік университеттердің онлайн-курстарын енгізу тәжірибесімен бөлісті.



Негізгі мақсат-міндеттер – Coursera for Campus платформасын пайдалану нәтижелерімен таныстыру, білім алушылар арасында сертификатталған курстардан өту уәждемесін арттыру, аралас оқыту курстарын пайдалану, жоғары оқу орындарының әдіскерлеріне курстарды таңдау бойынша кеңес беру.



Семинардың өзектілігі сол, болашақта барлық жоғары оқу орындарының студенттеріне игерілген онлайн-курстар мен пәндердің кредиттерін есептеуге мүмкіндік беру жоспарланып отыр. Яғни студент белгілі шетелдік профессордың онлайн-курсын өз бетінше тыңдап, аяқтай алады және осы арқылы диплом алу кезінде міндетті түрде ескерілетін кредиттер ала алады.


Семинарға келгендер маңызды оқу-әдістемелік мәселелерді шешу идеялары аясында өзара тәжірибе алмасты және Coursera өкілдерімен тікелей диалог алаңына қатысты. Сарапшылар оқу процесіне енгізу әдістемесімен, Coursera for Campus платформасын пайдалану нәтижелерімен бөлісті. Университеттің таныстырылым алаңында тәлімгерлер, тәжірибелі оқытушылар, онлайн-курстарды әзірлеушілер өз кеңестерін айтты.


Жанат СЕЙТЖАНОВА, 


ХАТУ-дың Қазақстан тарихы және


медиакоммуникация кафедрасының


ассистент-профессоры

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,273 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.