конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Әлем құрғақшылықтан зардап шеге бастады

Әлем құрғақшылықтан зардап шеге бастады

Әлем 31.08.2023, 13:45 1,326
Әлем құрғақшылықтан зардап шеге бастады
Сурет: ашық дереккөз

Ауа райының қолайсыздығы шаруаларды әбігерге салып тұр.


Еуропалық диқандар зәйтүн тапшылығынан таршылық көрсе, Шри-ланка халқы күрішсіз қалуы мүмкін. Еуропа зәйтүнге зар. Тапшылық әсіресе Испания мен Италия елдерінде байқалады. Жергілікті билік өкілдері биыл өндіріс көлемінің 20 пайызға төмендейтінін алға тартады. Шаруалардың айтуынша, мұндай жағдайға бірінші кезекте құрғақшылық әсер еткен, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.


Бұл өз кезегінде зәйтүннің қымбаттауына түрткі болып отыр. Былтырмен салыстырғанда баға кәдімгідей өсіп кеткен. Мәселен, Италия мен Португалияда көтерме сауда бағасы 2 есе өссе, Грекияда зәйтүннің бір келісі 8 еуродан саудаланып жатыр.


Франция:


Франциялық шаруалар да шығынға баттық деп шырылдап отыр. Өйткені аптап ыстықтан жүзім алқаптары қурап кеткен. Соның салдарынан биылғы өнім 10-20 пайызға төмен болады дейді. Тығырыққа тірелген шарап өндірушілері енді не істерін білмейді. Тек өз-өздерін жұбатып, аз да болса, сапалы өнім жинап алуға үміттенеді.


Таяу шығыс:


Газа секторында да осыған ұқсас жағдай. Еккен жүзім аптапқа шыдамай кеуіп кеткен. Соның салдарынан биыл түсім өте аз. Тіпті былтырғы көрсеткіштен 60 пайызға кем. Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілдерінің айтуынша, ауа райының қолайсыздығы жүзімге ғана емес, өзге де өнімдерге зардабын тигізген. Салдарынан баға күрт көтеріліп, халықтың қалтасына салмақ салып тұр.


Шри-ланка:


Шри-ланкада «ақмаржан дағдарысы» туындауы мүмкін. Дақылды суаратын су жоқ. Жазда жауын аз жауғандықтан су қоймалары да кеуіп қалған. Бұл ахуал қазір бұқараны да, билікті де алаңдатып отыр. Ауыл шаруашылығы министрі келтірген мәліметке сәйкес, 30 мың гектардан астам алқап құрдымға кетуі мүмкін. Бірақ сарапшылар бұл көрсеткішке күмәнмен қарайды. Шығын көлемі бұдан әлдеқайда жоғары болатынын айтады. Айта өтейін, Шри-ланка халқы үшін күріш негізгі азықтың бірі. Һәм ірі кәсіп түрі. Бүгінде бұл салада 2 миллиондай адам еңбек етеді.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#құрғақшылық #диқан #Әлем
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде түнгі уақытта көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі

Бүгін 16:54

Алматыда Gran Fondo World Championship әлем чемпионаты өтеді

Бүгін 16:48

Алматының Орталық стадионында Канье Уэсттің концертіне қызу дайындық жүріп жатыр

Бүгін 16:42

Дархан Сатыбалды Алматының білім беру саласы қызметкерлерінің тамыз конференциясына қатысты

Бүгін 14:35

Алматы облысында жаңа мәдениет үйі ашылды

Бүгін 14:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);