ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Спорт / Әлем чемпионатында жүлдегер болған боксшыларға Кең...

Әлем чемпионатында жүлдегер болған боксшыларға Кеңес Рақышев $600 мың берді

Спорт 31.05.2023, 14:00 1,583
Әлем чемпионатында жүлдегер болған боксшыларға Кеңес Рақышев $600 мың берді
Сурет: Ашық дереккөз
Жаттықтырушылар мен жеке бапкерлер, дәрігерлер, массаж жасаушылар және басқа мамандар 1 мыңнан 15 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы алды

Жаттықтырушылар мен жеке бапкерлер, дәрігерлер, массаж жасаушылар және басқа мамандар 1 мыңнан 15 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы алды


31 мамыр күні Алматыда бокстан ерлер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Спортшылар мен бапкерлер Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышевтың жеке қаржысынан ақшалай сертификат алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Ташкентте әлем чемпионы атанған Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов және Нұрбек Оралбай 100 мың АҚШ долларымен марапатталса, күміс жүлдегер Дулат Бекбауовқа 50 мың АҚШ доллары берілді.


Сонымен қатар, Рақышев мырза Дулатқа қымбат швейцар сағатын да сыйлады.


Бұл күні нәзік жанды боксшыларымыз да марапатталды. Нью-Делиде өткен әлем біріншілігінің финалистері Карина Ибрагимова мен Ляззат Күнгейбаева отандық бокс басшысынан 30 мың АҚШ долларын алды.


Қола жүлдегерлер: Алуа Балқыбекова, Валентина Хальзова және Фариза Шолтай 10 мың АҚШ доллары көлеміндегі сыйға ие болды.


Құрамамыздың жеңіске жетуіне зор үлесін қосып жүрген команда өкілдері – бапкерлік құрам, кеңесшілер, кешенді ғылыми топ мүшелері де назардан тыс қалмады.


Штаттағы жаттықтырушылар мен жеке бапкерлер, дәрігерлер, массаж жасаушылар және басқа мамандар 1 мыңнан 15 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы алды.


«Әлем чемпионаты кезінде бізге ыстық қолдау көрсеткен бүкіл Қазақстан халқынан тағы да алғыс айтамын. Федерация, команда үшін бұл - үлкен мәртебе. Біз әрқашан сенімді ақтауға тырысамыз. Қазір Қазақстан құрамасы әлемдік бокс рейтингінде көш бастап тұр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев чемпиондарымызды алғашқылардың бірі болып құттықтады. Елге оралғаннан кейін боксшыларды Ақордада қабылдап, марапаттады. Бұл еңбегіміздің еленгенін, бағаланғанын білдіреді. Бүгінгі іс-шарамыз ерекше екенін айтып өтейін. Өйткені, біз спортшылар мен бапкерлерді ғана емес, алғашқы рет чемпиондарымыздың аналарын да марапаттап отырмыз. Бұдан былай бұл дәстүрге енеді деп ойлаймын. Алып анададан туады, сондықтан ақ аналарымызға үлкен алғыс айтамын», - деді құттықтау сөзінде Кеңес Рақышев.


Еліміздің бірнеше қаласынан арнайы келген чемпиондардың аналарына Кеңес Рақышев гүл мен 2 миллион теңгенің сертификатын сыйлады.


Өзбекстан астанасындағы тамаша нәтиже үшін ерлер құрамасының бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжановқа 25 мың АҚШ долларына қоса, ҚБФ көлік міңгізді.


Жекелей сыйлықтарды есептемегенде, марапаттаудың жалпы жүлде қоры - 600 мың АҚШ доллары.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,439 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,255 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,291 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,182 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.