ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Спорт / Әлем чемпионатында еліміздің әскер спортшылары үш...

Әлем чемпионатында еліміздің әскер спортшылары үш алтын және төрт қола олжалады

Спорт 24.11.2024, 11:11 865
Әлем чемпионатында еліміздің әскер спортшылары үш алтын және төрт қола олжалады
Сурет: Қорғаныс министрлігі
Арменияда грек-рим және еркін күрестен өткен 37-ші әлем чемпионатында әскерилердің қоржыны жеті медальмен толықты.

Арменияда грек-рим және еркін күрестен өткен 37-ші әлем чемпионатында әскерилердің қоржыны жеті медальмен толықты. 

Халықаралық әскери спорт кеңесі (CISM) ұйымдастырған біріншілік Карен Демирчян атындағы спорттық-концерттік кешенде өтті. Оған әлемнің 24 елінен 400 спортшы қатысты, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

 Қорғаныс министрлінің мәліметінше, Қазақстан құрамасы атынан еркін және грек-рим күресі бойынша 17 балуан мықтылығын сынға салды.

Бұған дейінде қазақстандық құраманың Еревандағы сайыстарын мәлімдеген болатынбыз. Еркін күрестен ең жоғары чемпиондық марапатты ефрейтор Мейіржан Әшіров (70 келі) жеңіп алды. Қола медальдарды грек-рим күресінен кіші сержант Айдос Сұлтанғали – 60 келі салмақта және ҚР Қарулы күштерінің қызметкері Светлана Анкичева – әйелдер күресінен (50 келі) еншіледі.

Келесі күндері ел қоржыны тағы екі алтынмен және қола медальдармен толықты. 

ҚР Қарулы күштерінің қызметкері Камиль Куруглиев 97 келі салмақ дәрежесінде Үндістан мен Моңғолиядан келген спортшыларды жеңді. Шешуші белдесуде ол Ираннан келген қарсыласынан басым түсті. 

Грек-рим күресінен ефрейтор Әлімхан Сыздықов ирандық балуанмен соңғы белдесуде өзінің артықшылығын дәлелдеп, әлем чемпионы атанды.

Қазақстан Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубы құрамасының 86 келі салмағында еркін күрестен сынға түскен Рүстем Мырзағалиев пен әйелдер күресінен (55 келі) Марина Седняя Қазақстан құрамасының қоржынын қола жүлделермен толықтыра түсті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.