ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мұны білген жөн / Алдағы үш жылда Қазақстандағы зейнетақы қалай өзге...

Алдағы үш жылда Қазақстандағы зейнетақы қалай өзгереді?

Мұны білген жөн 08.10.2025, 10:27 934
Алдағы үш жылда Қазақстандағы зейнетақы қалай өзгереді?
depositphotos.com
2026–2028 жылдары Қазақстанда зейнетақы мөлшері кезең-кезеңімен өседі. Бұл туралы республикалық бюджет туралы заң жобасында айтылған, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz.

2026–2028 жылдары Қазақстанда зейнетақы мөлшері кезең-кезеңімен өседі. Бұл туралы республикалық бюджет туралы заң жобасында айтылған, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz.

Зейнетақы мен жәрдемақыға бөлінетін қаржы

2026 жылы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне республикалық бюджеттен 6,8 триллион теңге бөлінеді. Оның 6,7 триллионы зейнетақы мен жәрдемақы төлеуге жұмсалмақ.

Зейнетақы мөлшері қандай болады

Заң жобасына сәйкес:

  • 2026 жылы орташа зейнетақы - 103 687 теңге,

  • 2027 жылы - 108 940 теңге,

  • 2028 жылы - 113 995 теңге болады.

Қазір (2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша) орташа жиынтық зейнетақы - 143 097 теңге. Оның ішінде 95 491 теңге - ортақбөлік, 47 606 теңге - базалық бөлік.

Ал базалық зейнетақы алдағы жылдары былай өзгереді:

  • 2026 жылы - 54 082 теңге,

  • 2027 жылы - 58 276 теңге,

  • 2028 жылы - 61 527 теңге.

2026 жылдан бастап ең төменгі базалық зейнетақы тұрақты түрде күнкөріс минимумының 70%-ына тең болады.

Максимал зейнетақы:

  • 2026 жылы - күнкөріс минимумының 118%-ы,

  • 2027 және 2028 жылдары - 120%-ы.

Қазір ең төменгі базалық зейнетақы - 32 360 теңге (күнкөріс минимумының 70%-ы),
ал ең жоғарысы - 50 851 теңге (110%).

2025 жылғы 1 қыркүйектегі дерек бойынша, елде 2,5 миллионнан аса зейнеткер бар.

Әлеуметтік төлемдерге арналған жалпы бюджет

Зейнетақы мен жәрдемақы төлеуге арналған бюджет жыл сайын артады:

  • 2026 жылы - 6,7 триллион теңге,

  • 2027 жылы - 7,4 триллион теңге,

  • 2028 жылы - 8 триллион теңге.

Министрлік қалған қаржыны қалай жұмсайды?

Зейнетақы мен жәрдемақылардан кейін министрлікте 51 миллиард теңге қалады. Ол былай бөлінеді:

  • 12 млрд - еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы саясатты дамытуға;

  • 10 млрд - министрлік аппаратының жұмысын қамтамасыз етуге;

  • 13 млрд - әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіруге және халыққа көмек көрсетуге;

  • 11 млрд - өңірлік бюджеттерге әлеуметтік нысандар салуға берілетін мақсатты трансферттерге;

  • 5 млрд - есту қабілеті бұзылған балаларды бейімдеу, әлеуметтік қорғау жүйесін жаңарту және басқа да шығындарға бағытталады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.