AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Сайлау-2023 / Алдағы сайлаудың ерекшелігі - жаңа әрі сапалы жағд...

Алдағы сайлаудың ерекшелігі - жаңа әрі сапалы жағдайда өтетіндігі - сарапшы

Сайлау-2023 20.01.2023, 05:35 1,329
Алдағы сайлаудың ерекшелігі - жаңа әрі сапалы жағдайда өтетіндігі - сарапшы
almaty-akshamy.kz

Биыл 19 наурызда Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді. Осыған орай ҚазАқпарат тілшісі алдағы саяси науқанның ерекшелігі мен артықшылығы туралы ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының бас сарапшысы Әлішер Тастеновтің пікірін білген еді.



«Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлау - саяси жүйені түбегейлі қайта жандандырып, мемлекеттік басқарудың жаңа формасына алып келеді. Қайта жаңару саяси және экономикалық сын-қатерлерге төзімді төтеп беретін саяси модель қалыптастыруға бағытталған. Осылайша «күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласына қол жеткізіледі. Алдағы сайлаудың ерекшелігі - жаңа әрі сапалы жағдайда өтетіндігі. Енді Мәжіліс депутаттарының 70%–ы партиялық тізім бойынша, 30%-ы бір мандатты округтер арқылы сайланады», - деді Әлішер Тастенов.



Сарапшы келтірген дәйекке сәйкес, партиялардың Мәжіліске өтуінің шекті кедергісі 7-ден 5%-ға дейін төмендетілді. Сонымен қатар саяси партияларды тіркеу рәсімі айтарлықтай жеңілдетілді.



«Яғни саяси партия мүшелері санына қойылатын талап жеңілдеп, 4 есе 20-дан 5 мың мүшеге дейін төмендетілді. Партиялардың өңірлік өкілдіктерінің саны да 600-ден 200 адамға дейін қысқартылды. Облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың мәслихаттар депутаттарын сайлау аралас жүйемен өтеді. Яғни 50/50 форматында. Бұл ретте аудандар мен облыстық маңызы бар қалаларда мәслихат кандидаттарына қазақстандықтар бір мандатты округтер бойынша дауыс бере алады»,- дейді ол.



Оның айтуынша, жаңа саяси жағдай билік органдарының қоғам пікірі, көзқарасы мен сұранысына құлақ асуды қамтамасыз етіп, азаматтық қоғамның тиімді дамуына ықпал етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #сайлау #сарапшы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);