ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Керек кеңес / Алдағы қыс қандай болады?

Алдағы қыс қандай болады?

Керек кеңес 19.10.2021, 08:10 4,530
Алдағы қыс қандай болады?
culture.ru
«Қазгидромет» РМК 2021 жылғы қараша - 2022 жылғы наурыз айларына консультативтік маусымдық ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

«Қазгидромет» РМК 2021 жылғы қараша - 2022 жылғы наурыз айларына консультативтік маусымдық ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Қараша - күзден қысқа біртіндеп ауысу кезеңі. Айдың бірінші жартысы жылы болады деп болжанып отыр. Қазақстанның солтүстік жартысында ауа температурасы түнде -3+2°С-тан -8-13°С-қа дейін, күндіз +3+10°С-тан -2+3°С-қа дейін ауытқуы мүмкін.


Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында және орталығында екпінді жел соғып, жауын-шашын (көбінесе қар түрінде) болады, онкүндіктің соңында жиілейді. Көктайғақ пен тұман бір ай бойы жиі байқалады. Айдың екінші жартысының ең суық күндерінде термометр бағанасы түнде -17-25°С-қа дейін, күндіз -8-13°С-қа дейін, ал еліміздің шығысында түнде -30°С-қа дейін, күндіз -18°С-қа дейін төмендейді.


Еліміздің батысы, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашын болады, жаңбыр аралас қар жауады. Ең жылы күндері айдың бірінші жартысында болжанады, күндіз ауа температурасы +10+18°C-қа дейін жоғарылауы мүмкін, алайда қарашаның екінші жартысында температура фоны түнде -5-17°C, күндіз -2-7°C-қа дейін төмендейді. Үшінші онкүндікте күн қайтадан жылынады.


Қазақстанда 2021-2022 жылдар аралығында қыс климаттық нормаға жуық болады деп болжанады. Желтоқсанда cолтүстік аймақтарда қарлы боранды күндер көп болады, ал оңтүстік аймақтарда тұман мен көктайғақ жиі байқалады. Желтоқсан айында жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде нормадан аз, еліміздің солтүстік жартысы мен шығысында норма шамасында, ҚР қиыр солтүстігінде нормадан көп болады деп болжанады.


Қаңтар - жылдың ең суық айы, өйткені Моңғолия аймағынан антициклонының әсері күшейе түседі. Түнгі уақытта термометр бағаны ҚР солтүстік жартысында -35-40°С-қа дейін, оңтүстігінде -22-30°С-қа дейін төмендеуі мүмкін. Орташа айлық ауа температурасы республика аумағының басым бөлігінде нормадан 1-2° төмен, еліміздің қиыр батысында, оңтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында норма шамасында болады.


Республика бойынша жауын-шашын мөлшері көп жылдық нормадан аз, еліміздің қиыр солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және Алматы облысының оңтүстік-шығысында - норма шамасында болжанады.


Ақпан қыс мезгілін аяқтайды, бірақ оның климаттық сипаттары мен айналым ерекшеліктері қаңтарға өте жақын. Қар мен боран, әдетте, Қазақстанның солтүстік жартысында сақталады. Орташа айлық ауа температурасы ҚР аумағының басым бөлігінде норма шамасында, республиканың оңтүстік-шығысында нормадан 1° жоғары болады деп болжануда.


Жауын-шашын республиканың басым бөлігінде норма шамасында, еліміздің оңтүстік-батыс жартысында, Орталық Қазақстанның батысында нормадан аз, республикамыздың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында нормадан көп болжанады.


Қазақстанның оңтүстігі үшін Наурыз - әдеттегі көктем айы, ал солтүстік облыстарда қыс әлі де жалғасуда. Наурызда ауа райы қатты өзгереді. Наурыз айы ауа температурасының күрт ауытқуымен және жиі жауын-шашынның жаууымен сипатталады.


Болжам бойынша көктемнің алғашқы айы суық болады. Қазақстан аумағының басым бөлігінде орташа айлық ауа температурасы нормадан 1-2° төмен, ал ҚР-ның қиыр батысында норма шамасында болады деп күтілуде.


Наурызда жауын-шашын мөлшері республиканың солтүстік жартысында және қиыр оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында норма шамасында, елдің оңтүстік жартысында нормадан аз болады деп болжанады.




Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,429 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.