Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алдағы күндері Қазақстанда еңбек жәрмеңкесі өтеді

Алдағы күндері Қазақстанда еңбек жәрмеңкесі өтеді

Әлеумет 21.06.2022, 04:17 943
Алдағы күндері Қазақстанда еңбек жәрмеңкесі өтеді
Сурет: 24.kz
Қазақстанның ірі жұмыс берушілері маман іздеп жатыр.

Қазақстанның ірі жұмыс берушілері маман іздеп жатыр.


Қазақстан Үкіметі алдағы күндері онлайн-түрде еңбек жәрмеңкесін өткізеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 



«Қазақстанның ірі жұмыс берушілері жастарға арналған алғашқы бос жұмыс орындарының онлайн-жәрмеңкесіне қатысады. 27-29 маусым күндері Электронды еңбек биржасында қазақстандық компаниялардың HR-менеджерлері өз мекемесін таныстырады. Олардан әр үміткер өзін қызықтырған ақпаратты сұрай алады. Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне 18-35 жас аралығындағы әр Қазақстан азаматы қатысуға құқылы. Ол үшін Enbek.kz порталында тіркеуден өту қажет», - делінген Еңбекмині баспасөз қызметінің хабарламасында.



Тіркелу үшін порталдың басты бетіндегі жәрмеңке баннерін басып, өтінім беру керек. Онда жәрмеңкеге қатысу ережелерімен және бағдарламасымен танысуға болады.


Бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде жұмыс берушілер онлайн-таныстырылым өткізіп, өздерінің компаниясы, еңбек жағдайы, бос жұмыс орындары және өзге де ақпарат туралы айтып береді.


Жәрмеңкеде 1300-ден астам бос жұмыс орнын Еуразиялық топқа (ERG) және Республикалық тау-кен өндірушілері және тау-кен металлургиялық кәсіпорындар қауымдастығының құрамындағы компаниялар ұсынады.


Қатысушылар компаниялардағы бос орындарға  қызығушылық танытқан жағдайда түйіндемесін жібере алады. Сондай-ақ, алдын ала  өтінім бойынша қатысушылардың тізімі жасалады, олар компанияның HR-менеджерімен онлайн сұхбаттаса алады.


Электронды еңбек биржасындағы онлайн-жәрмеңкені ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ бірлесіп ұйымдастырды.


Жәрмеңке жұмыс іздеушіге жұмыс табуды жеңілдетеді. Ал жұмыс берушілерге бос жұмыс орнына лайықты қызметкер табуға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,465 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,271 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,358 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,995 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,191 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.