Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алдағы жылы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін м...

Алдағы жылы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшыларын ротациялау басталады

Әлеумет 27.08.2024, 17:06 1,296
Алдағы жылы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшыларын ротациялау басталады
Сурет: Gov.kz

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшыларын ротациялау жүргізілетін болады.

Ротация бір елді мекен шегінде екі және одан да көп ұйым болған жағдайда жүзеге асырылады, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

АӘҚ ұсынатын мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшыларын ротациялаудың мақсаты – олардың кәсіби әлеуетін неғұрлым тиімді пайдалануды қамтамасыз ету.

Қайта ұйымдастыруға (бірігуге, бөлуге, шығаруға, қайта құруға), ұйымның атауын өзгертуге, сондай-ақ жұмыстан босату және сол ұйымға басшы лауазымына оралу кезеңіне қарамастан, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарын 5 жылдан астам басқарып келе жатқан ұйымдардың басшылары үшін ротация міндетті болады.

Ұйымдардың басшылары арасында ротация жүргізу туралы және белгілі бір негіздер бойынша бас тарту туралы шешімді халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органның, АӘҚ көрсету орталықтарының, әлеуметтік қорғау саласындағы қоғамдық бірлестіктердің, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудандар, облыстық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің қоғамдық кеңесінің өкілдерінен тұратын комиссия қабылдайды.

Ұйым басшылары арасында ротация жүргізуден бас тарту үшін: мүгедектігі бар балаларының, асырауындағы қарт ата-аналарының; олармен тұрақты тұратын бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар отбасы мүшелерінің болуы; зейнеткерлік жасқа кемінде екі жылдан аз уақыттың қалуы негіз болып табылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әлеуметтік қызметтер #ротациялау #басшылар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.