AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алдағы жылдары жиһаз өнеркәсібіне 8 млрд теңге инв...

Алдағы жылдары жиһаз өнеркәсібіне 8 млрд теңге инвестиция бағытталмақ

Әлеумет 03.10.2024, 15:02 1,184 dulatbekova
Алдағы жылдары жиһаз өнеркәсібіне 8 млрд теңге инвестиция бағытталмақ
Сурет: Gov.kz

Қазіргі таңда еліміздің жиһаз өнеркәсібінің инвестициялық портфелі құны 17 млрд теңгеден асатын 9 жобаны қамтиды.

 Оларды іске асыру арқылы  шамамен 1000-ға жуық жұмыс орны ашылмақ, деп хабарлайды aqshamnews.kz Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне сілтеме жасап. 

Бұл туралы «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталғының жобаларды іске асыруға мониторинг жүргізу және талдау дирекциясы хабарлады.

Аталған жобалардың ішіндегі құны 9,2 миллиард теңгені құрайтын 4 жоба биылғы жылы Түркістан облысында іске қосылды. Жаңа өндірістер 375 адамды жұмыспен қамтыды. Өнімдердің негізгі бөлігі ішкі нарыққа бағытталған.

Бұдан бөлек, жыл соңына дейін Павлодар облысында бір жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Құны 388 миллион теңге болатын кеңсе және мектеп жиһаздарын өндіру жобасы аясында шамамен 30-ға жуық жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Жүзеге асыру кезеңінде Шымкент қаласында құны 800 миллион теңгені құрайтын 3 жоба бар. Олардың ішінде жиһаз, медициналық жиһаз және металл шкафтар өндірісі бар. Бұл нысандардың ашылуы 102 адамды жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жаңа кәсіпорындар өнімінің 9 % - ға жуығын жақын және алыс шетелдерге экспорттау жоспарлануда. 

Сонымен қатар, Абай облысында жалпы құны 7,5 миллиард теңге құрайтын, 530 жаңа жұмыс орны құрылатын корпустық кеңсе жиһазын өндіру жобасын іске асыру жоспарланып отыр. Жобаның негізгі инвесторы – Қытай Халық Республикасы.

Осылайша, жоспарланған 5 жобаны іске асыру барысында жиһаз өнеркәсібінің негізгі капиталына тағы 8 миллиард теңгеге жуық инвестиция тартылмақ. Жобалар негізінен еліміздің ішкі қажеттіліктерін қамтамсыз етуге бағытталған. Негізгі инвесторлар – Қазақстан мен Қытай елі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жиһаз #өнеркәсіп #жұмыс орындары
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);