Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алдағы аптаға гидрологиялық болжам жарияланды

Алдағы аптаға гидрологиялық болжам жарияланды

Әлеумет 07.04.2024, 06:32 1,112
Алдағы аптаға гидрологиялық болжам жарияланды
Сурет: baq.kz

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстан аумағының қармен жабылған ауданы 21%-ды құрайды


«Қазгидромет» РМК 6-12 сәуірге гидрологиялық болжам ұсынды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.


Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстан аумағының қармен жабылған ауданы 21%-ды құрайды.


2024 жылғы 6-12 сәуірдегі синоптикалық болжамға сәйкес Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Жауын-шашын жаңбыр түрінде жауады. Түнде жауын-шашынның жаңбырдан қарға ауысуы: 7, 9 - 12 сәуірде Павлодар, еліміздің шығысында (Абай және Шығыс Қазақстан облыстары), 8 сәуірде Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, 8 - 11 сәуірде Қостанай, республикамыздың солтүстігінде (Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстары), 9 - 12 сәуірде Қарағанды облысында, 11 сәуірде Ұлытау облысында күтіледі. Қатты жаңбыр 6 сәуірде Батыс Қазақстан облысында, 6 - 7, 11 - 12 сәуірде Алматы облысында, 6, 9 сәуірде Түркістан облысында, 6, 9, 11 сәуірде Жамбыл облысында, 8 сәуірде еліміздің орталығында (Ұлытау, Қарағанды облыстары), 9, 11 - 12 сәуірде Жетісу облысында күтіледі. Еліміздің шығысында (Абай, Шығыс Қазақстан облыстары) 9 - 10 сәуірде қатты жаңбыр, 11 - 12 сәуірде қатты жауын - шашын (жаңбыр қарға ауысады) болжанады.


Еліміздің батысында 9 сәуірден, солтүстік-батыста 11-12 сәуірден, республиканың солтүстігінде және Ұлытау облысында 12 сәуірден бастап жауын-шашынның тоқтауы күтіледі.


Ауа температурасы солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста, еліміздің орталығында түнде 0-5 жылыдан 1-6 аязға дейін, күндіз 12-20 жылыдан 3-10 жылыға дейін біртіндеп төмендейді. Батыста ауа температурасы күндіз 10-15 жылыдан 20-25 жылыға дейін жоғарылайды. Ауа температурасы оңтүстікте, оңтүстік-шығыста түнде 3-8-ден 5-10 жылыға дейін, күндіз 12-20 жылыдан 17-25 жылыға дейін, таулы аймақтарда түнде 2 градус аяз-3 градус жылы, күндіз 5-10-нан 7-17-ге дейін ауытқиды.


Гидрологиялық және метеорологиялық жағдайлар күрт өзгерген жағдайда «Қазгидромет» су тасқыны қаупі туралы дауылды ескертулермен алдын ала хабардар ететін болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қар #көктем #ерітінді
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.