ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алатау ауданының комьюнити орталығында сыбайлас же...

Алатау ауданының комьюнити орталығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік жобаның фронт-офисі ашылды

Заң мен тəртіп 25.04.2025, 09:07 666
Алатау ауданының комьюнити орталығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік жобаның фронт-офисі ашылды
Сурет Алматы қаласы әкімдігі
Алатау ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік жобаның фронт-офисі ашылды

Алматы қаласының Алатау ауданындағы комьюнити орталығында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасының фронт-офисі ашылды. Жоба Алматы қаласы әкімдігі мен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің қолдауымен жүзеге асырылып келеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Ашылу рәсіміне ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті Превенция басқармасының басшысы Қанат Сәлімбаев, белсенді волонтерлер мен қоғам өкілдері қатысты.

Салтанатты шара барысында Қанат Сәлімбаев жоба аясында атқарылған жұмыстарға тоқталып, оның негізгі бағыттарын нақтылап өтті. Сонымен қатар, волонтерлерге тәжірибелік кеңестер беріп, бастамаларына сәттілік тіледі.

«Бұл фронт-офистер жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға, азаматтық жауапкершілігін арттыруға арналған маңызды алаң. Волонтерлер – қоғамдық сананы жаңартатын, өзгеріс әкелетін жаңа буын өкілдері», – деді Қанат Сәлімбаев.

Айта кетейік, жоба іске қосылғаннан бері Алматы қаласындағы  комьюнити орталықтарында, жоғары оқу орындарында 200-ден астам волонтер бірігіп, 10-нан астам семинар, дөңгелек үстел және ақпараттық кездесу өткізген. Аталған шаралар арқылы 1 000-нан астам азамат қамтылды. Волонтерлер қоғаммен тығыз байланыста жұмыс істеп, тек ақпараттық-ағартушылық шаралармен шектелмей, нақты нәтижелерге де қол жеткізуде.

Мәселен, жоба басталғалы бері жалпы сомасы 2,3 млрд теңгеге бағаланған артық бағамен сатып алу әрекеттері анықталып, тиісті органдардың назарына ұсынылды. Бұл – волонтерлердің сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған нақты үлесінің айқын көрінісі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай фронт-офистер алдағы уақытта қаланың барлық ауданында ашылады. Бұл бастама жастардың белсенділігін арттырып қана қоймай, қоғамда әділдік, ашықтық пен сенім атмосферасын қалыптастыруға серпін бермек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.