Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алатау ауданындағы аз қамтылған отбасылар қандай к...

Алатау ауданындағы аз қамтылған отбасылар қандай көмекке жүгіне алады?

Әлеумет 23.08.2022, 08:13 1,324
Алатау ауданындағы аз қамтылған отбасылар қандай көмекке жүгіне алады?
Сурет: cz-shahtinsk.kz

Бүгінгі күні жалпы сомасы 428,8 млн теңгені құрайтын атаулы әлеуметтік көмекті 1578 отбасы алады, 7,1 млн теңге көлеміндегі тұрғын үй көмегін 279 отбасы алды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің орынбасары Ертіс Бесіров айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.



«2021-2025 жж. арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы аясында 8010 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына 196 адам, қоғамдық жұмыс орындарына 1835 адам, жастар практикасына 159 адам, 400 АЕК көлемінде гранттар 7 адамға және тұрақты жұмыс орындары 1056 адамға берілді», - деп атап өтті Е. Бесіров.



2022 жылдың басынан «TAU - Шаңырақ» қорының қолдауымен 1000-нан астам әлеуметтік осал отбасылар, «Unicef» қоры тарапынан 55 отбасы азық-түлік жиынтығымен, 50 отбасы түрлі киім-кешек түрлерімен қамтамасыз етілді.


Ауданда аз қамтылған және көп балалы отбасыларды қолдау үшін «Бақытты Отбасы», «Шыңға өрлеу» және «Белсенді ұзақ өмір» әлеуметтік орталықтары және «Алатау аналары», «Аналарға көмек» және «Зейін» қоғамдық қорлары жұмыс істейді.



«Аталған орталықтар аналарға, балаларға, зейнеткерлерге консультативті және ресурстық қолдау көрсетеді, базалық тренингтер өткізеді, жұмысқа орналасуға қолдау көрсетеді. Сонымен қатар, әйелдерге тігін ісі, косметологиялық қызметтер, компьютерлік сауаттылық және тағы басқалар оқытылады, ал аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға музыка мен өнер, би және түрлі аспаптарда ойнау үйретіледі», - деп хабарлады Е. Бесіров. 



Сонымен қатар, Алматы қаласы құрылыс басқармасының тапсырысы бойынша "Томирис" шағынауданында белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға арналған әлеуметтік көмек пунктінің құрылысы жүргізілуде.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Алатау #аналар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Бүгін 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Бүгін 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Бүгін 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Бүгін 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Бүгін 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.