AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алатау ауданында тәулігіне 200 адам қабылдайтын ме...

Алатау ауданында тәулігіне 200 адам қабылдайтын медорталық салынды 

Әлеумет 24.06.2025, 17:09 1,226
Алатау ауданында тәулігіне 200 адам қабылдайтын медорталық салынды 
almaty-akshamy.kz

Алатау ауданында денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту мен халықтың әлеуметтік осал топтарын кешенді қолдау негізгі бағыттың біріне айналды. Аудан әкімдігі жаңа медициналық нысандар ғана салып қоймай,   отбасыларды, қарттарды, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдайтын әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыруға да ерекше көңіл бөліп отыр. Бұл туралы аудан әкімі Талғат Малыбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

2024 жылдың желтоқсанында Қарасу шағынауданында бір ауысымда 200 адам қабылдай алатын алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығының құрылысы аяқталды. Бұл нысан шалғайда орналасқан тұрғындарға қолайлы болды. Тамыз айында Саялы шағынауданында дәл осындай тағы бір орталықты салып бітпек. Тәулігіне 200 адам қабылдайтын жаңа нысанның құрылысына 2,1 миллиард теңге бөлініпті.

Медициналық инфрақұрылымды дамытумен қатар, ауданда мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында әлеуметтік жобалар да қаржыландырылып жатыр. «Бақытты отбасы» отбасын қолдау орталығы көп балалы және аз қамтылған әйелдерге ақпараттық көмек көрсетіп, отбасы әл-ауқатын нығайтуға бағытталған тренингтер мен курстар өткізеді. Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы қарт адамдардың өмір сапасын арттыруға  бағытталған.

«Шыңға өрлеу» әлеуметтік клубы егде жастағы тұрғындарды қоғамдық өмірге араластыруға көмектесіп, олардың көрген-түйгенін көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан бастауыш сынып оқушыларына жеткізуді жоспарлаған. «Ten Qogam» орталығы мүмкіндігі шектеулі адамдармен жұмыс істеп, олардың өмір сапасын жақсартуға және кәсіби әлеуетін ашуға жәрдемдеседі. Тағы бір жоба — дәстүрлі қолөнерді дамыту орталығы — әлеуметтік осал топтағы әйелдерге қолөнерді үйретуге кірісті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Алатау #денсаулық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);