конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алатау ауданында электр қуатымен жабдықтау 18:00-г...

Алатау ауданында электр қуатымен жабдықтау 18:00-ге дейін қалпына келтіріледі

Барлығы 14.11.2025, 16:55 514
Алатау ауданында электр қуатымен жабдықтау 18:00-ге дейін қалпына келтіріледі
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

13 қараша күні шамамен 18:00-де жоғары кернеулі желілерде болған апат салдарынан бірқатар шағынаудан жарықсыз қалды.

Апат «MAGNUM E-COMMERCE KAZAKHSTAN» ЖШС тапсырысы бойынша МП ГазЭнерджи ЖШС жүргізген газ құбырын көлденең бағытта бұрғылау (ГНБ) әдісімен төсеу жұмыстары кезінде болған, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Түні бойы мамандар күшейтілген режимде жұмыс істеді.
00:15-те бір желі толық қалпына келтіріліп, бірқатар тұтынушыға электр қуаты берілді. 

14 қараша таңертең жарық Саялы, Ақбұлақ, Зерделі шағынаудандарына, сондай-ақ Софья, Арена Парк тұрғын үй кешендеріне және ішінара Ақкент пен Дарабоз тұрғын үй кешендеріне берілді.

Қазіргі таңда жарықсыз қалып отырған аумақтар: Теректі шағынауданы (5 көше), Алғабас шағынауданы (5 көше), Ақкент шағынауданындағы 10 үй, Нұркент шағынауданындағы 14 үй.

Қазір зақымданған аумақты қалпына келтіру мақсатында қазба жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жер қазу жұмысы аяқталғаннан кейін бригадалар муфта орнатып, желіні толық қалпына келтіруге кіріседі.

Бүгін 18:00-ге дейін электр қуатымен жабдықтау толық қалпына келтіріледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алатау ауданы #электр жарығы #апат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда егін жинау науқаны жоғары өнімділікпен басталды

Бүгін 12:03

Президент Лихтенштейннің Тақ мұрагеріне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:27

Мемлекет басшысы Конго Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:16

Тоқаев Үндістан Премьер-министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Бүгін 11:13

Үкіметте білім беру және балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері қаралды

Бүгін 10:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);