Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алатау ауданында 60 көшедеге ағымдағы жөндеу жұмыс...

Алатау ауданында 60 көшедеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Әлеумет 13.11.2023, 08:11 1,010
Алатау ауданында 60 көшедеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде
almaty-akshamy.kz

Алматы қаласының Алатау ауданында жол-көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында 60 көшедегі жолдарға жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жоспарланған 23 мың шаршы метрден 15 мың шаршы метр жол жабыны жөнделді. Бұл туралы ӨКҚ брифингінде Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков мәлімдеді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Естеріңізге сала кетейік, 1 сәуірден бастап Алматыдағы аудан әкімдіктері өздеріне сеніп тапсырылған аумақтардағы көптеген іс-шараларды дербес қаржыландырады. Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқаруды орталықсыздандыру Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес жүргізіледі.


Бүгінде ауданда 7 шағын аудандағы жолдарға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде және ұзындығы 61 км болатын Ф.Оңғарсынова мен Н. Данченко атындағы екі үлкен көшеде жаңа жолдардың құрылысы жүргізілуде. 


Сондай-ақ, әкім орташа жөндеу жұмыстары аяқталған шағын аудандарды атап өтті, олар: Томирис, Қарасу, Алғабас, Теректі, Ақбұлақ және Зерделі. Сайын көшесін Рысқұлов даңғылынан Мөңке биге дейін ұзарту жүргізілуде, ұзындығы 3,2 км. Одан бөлек, Сайын мен Мөңке би көшелерінің қиылысында толық беде түрінде жолайрық салу жұмыстары жүргізілуде. 



Сонымен қатар, бес жерасты жаяу жүргіншілер өткелінде тас төсеуіштер мен тактильді плиталар ішінара ауыстырылды, төбелерге софиттер, вандализмге қарсы жарықтандыру құрылғылары, музыкалық жабдықтар және бейнебақылау жүйесі (Райымбек даңғылы, Момышұлы көшесінің  қиылысы - 3 жерасты өткелі; Момышұлы көшесі Райымбек даңғылынан жоғары - 1 өткел; Райымбек даңғылы Ақкент шағын ауданынан бұрылыс – 1 өткел) орнатылды.



«18 жаяу жүргіншілер өткеліне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, онда сыртқы жарықтандыру шамдарын ауыстыру, көтергіш механизмдер мен электр жетегі бар лифттерді күрделі жөндеу, бейнебақылау орнату, арбамен және велосипедпен түсетін орындарды орнату, іргелес аумақты көгалдандыру және абаттандыру қарастырылған», - деген аудан басшысы күрделі жөндеу жұмыстары биылғы жыл соңына дейін аяқталатынын айтты.



Аудан басшысы өз сөзінде тротуарлардың құрылысына ерекше назар аударылғанын атап өтті. Бүгінгі таңда жалпы ауданы 27 050 ш. м  болатын 8 шағын ауданда техникалық тротуар салу жұмыстары жүргізілуде. 



«Тротуарлардың құрылысы тұрғындар «козья тропа» деп аталатын жасыл аймақтарда жүзеге асырылады, бұл шаңның көтерілуіне әкеледі, жер эрозиясы пайда болады және суару жүйесі жабдықталған жерлерде жабдықтар зақымдалады», - деп түсіндірді А.Қалдыбеков. 



Аудан басшысы инженерлік инфрақұрылымды дамыту және қалпына келтіру мәселелеріне де тоқталды. Мәселен, жалпы ұзындығы 306,9 км болатын сегіз шағын ауданда құрылыс-монтаждау жұмыстары жоспарлануда. Биыл барлығы Алғабас 3-кезек, Шапағат, Болашақ, Рахат-Мәдениет және Өжет сияқты бес шағын ауданда құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Алатау #Көше
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жастар саясаты бойынша 2025 жылдың жұмыс қорытындысы шығарылды

Бүгін 11:18

Жаркентте төрт жасар ұлын аяусыз соққыға жыққан әйелге үкім шықты

Бүгін 11:14

Алматыда жастарға арналған "Заң және тәртіп: қоғам талаптары" кездесуі ұйымдастырылды

Бүгін 10:50

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.