ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алатау ауданында 20 мыңнан астам адам әлеуметтік к...

Алатау ауданында 20 мыңнан астам адам әлеуметтік көмекпен қамтылды

Әлеумет 24.06.2025, 17:07 961
Алатау ауданында 20 мыңнан астам адам әлеуметтік көмекпен қамтылды
Сурет: Almaty-akshamy.kz
Алатау ауданында көпбалалы отбасылардан бастап, зейнеткерлер мен ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға дейінгі түрлі санаттағы тұрғындарды қамтитын кешенді әлеуметтік қолдау бағдарламасы жүзеге...
Алатау ауданында көпбалалы отбасылардан бастап, зейнеткерлер мен ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға дейінгі түрлі санаттағы тұрғындарды қамтитын кешенді әлеуметтік қолдау бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі Талғат Малыбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды aqshamnews.kz
 
Әкімнің айтуынша, ауданның Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы өмір сүру сапасын арттыру мен қиын жағдайда қолдау көрсетуге бағытталған 13 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Олардың қатарына тұрғын үй көмегі, сауықтыру мен оңалту төлемдері, сондай-ақ коммуналдық тарифтердің өсуіне байланысты берілетін өтемақылар кіреді.
 
Биыл:
• 93 отбасыға жалпы 3,3 млн теңге көлемінде тұрғын үй көмегі көрсетілген;
• 461 отбасы 157,1 млн теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек алған;
• 651 зейнеткер жалпы сомасы 17,9 млн теңге болатын әлеуметтік көмекке ие болған.
 
Қарт адамдар мен мүгедектігі бар азаматтардың денсаулығы мен әл-ауқатына ерекше көңіл бөлініп отыр. Биыл 350 зейнеткер мен 592 мүгедек азаматты курорттық емдеуге жіберу жоспарланған. Бұл мақсатқа 323 млн теңге бөлінген.
Сондай-ақ, төтенше жағдайдан зардап шеккен бір тұрғынға 786 мың теңге көлемінде бір реттік көмек көрсетілген.
Коммуналдық тарифтердің өсуіне байланысты өтемақы төлеу де маңызды бағыттардың бірі. Бұл көмекті 15 589 адам алған. Жалпы 152 млн теңге бөлінген.
 
Ардагерлер де назардан тыс қалған жоқ:
• Ақпан айында 464 ауған соғысы ардагеріне 46 млн теңге;
• 9 мамыр күні 895 ардагерге 94,3 млн теңге көлемінде қолдау көрсетілді.
 
Ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қолдау бағытында да ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр:
• 127 адамға жалпы 26 млн теңгеге қоларбалар берілді;
• 394 адам 49 млн теңге көлемінде протездік көмек алды;
• 2 522 адамға тегін гигиеналық құралдар таратылып, оған 490 млн теңге жұмсалды;
• 334 адам техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз етіліп, бұл бағытқа 56,6 млн теңге бөлінді.
 
Бұған қоса, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көмектесетін 1 000 жеке көмекшінің еңбекақысына аудан бюджетінен 500 млн теңге бөлінген.
 
Осылайша, Алатау ауданы өз тұрғындарына нақты қамқорлық көрсетіп, әлеуметтік қолдауды жүйелі түрде жүзеге асырып отыр.
Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,436 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,254 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,279 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,180 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.