Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алатау ауданында 2 000 орынды жайлы мектеп салынып...

Алатау ауданында 2 000 орынды жайлы мектеп салынып жатыр

Әлеумет 15.11.2024, 09:06 1,245
Алатау ауданында 2 000 орынды жайлы мектеп салынып жатыр
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматы әкімі Ерболат Досаев жұмыс сапары барысында Алатау ауданындағы 2 000 орынды жайлы мектептің құрылысымен танысты, деп хабарлайды aqshamnews.kz

 

Бұл білім мекемесінің құрылысы өткен жылы наурыз айында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Теректі шағын ауданында басталған болатын.

Алатау ауданында қазір 31 мемлекеттік мектеп бар, онда 58 мыңнан астам бала оқиды. Халық санының артуы мен белсенді құрылыс жүргізу нәтижесінде осы оқу жылында аудан бойынша мектеп орындарының тапшылығы 5 мың орынға дейін жетті. Қалада «Жайлы мектеп» жобасы бойынша 36 800 орынды 22 білім ордасының құрылысын салу жоспарланған.

Алматы әкімдігі оқушы орындарының тапшылығының деңгейін реттеу мақсатында жаңа мектептер мен қосымша құрылыстарды жергілікті бюджет есебінен салуды жалғастырады. Қаладағы бұрын ашылған білім ұйымдарына байланысты 2025 жылы тағы 16 мектеп бір ауысымдық оқытуға көшеді. Осылайша, келесі оқу жылында 200-ден астам мемлекеттік мектептің 43-і бір ауысымдық жүйеге көшеді (өсім 12,5%-дан 18,4%-ға дейін).

Теректі шағын ауданындағы жайлы мектепті көріп шыққан соң Ерболат Досаев оны 2025 жылы қаңтарда, үшінші тоқсанның басына дейін ашуды тапсырды.

Айта кетейік, мектеп құрылысымен қатар тротуарлар, жарықтандыру және жол белгілерін орнату жұмыстары қолға алынған. Бұл жұмыстар осы айдың соңына дейін аяқталмақ. Сонымен қатар, Алматының қалалық мобилділік басқармасы мектепке апаратын 1,1 км жолды салып бітірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алатау ауданы #жайлымектеп #Ерболат Досаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.