Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алатау ауданына 92 жаңа автобус берілді

Алатау ауданына 92 жаңа автобус берілді

Әлеумет 19.01.2023, 03:56 839
Алатау ауданына 92 жаңа автобус берілді
Сурет: Vlast.kz

Бұл - қалаға берілген жаңа автобустың 20 пайызы.


Жаңа автобустардың арқасында 12 маршруттық желінің мәселесі шешілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



«Біздің алдыңғы есептік кездесулерімізде сіздердің өтініштеріңіздің көп бөлігі автобус паркінің жоғары тозу деңгейі, маршруттық желілердің жетіспеуі және қозғалыс интервалдарының бұзылуы сияқты қоғамдық көлік жұмысының сапасына қатысты болды», - деді бүгін аудан тұрғындарымен кездескен қала басшысы. 



Өткен жылдың көктемінде Алматы қаласының әкімдігі 450 жаңа автобус сатып алды, оның ішінде 92 (20%) автобус Алатау ауданына берілді. Жаңа автобустардың арқасында 12 маршруттық желінің мәселесі шешілді.


Осылайша, тұрғындардың өтініш-тілектері негізінде төрт жаңа маршрут ашылды, қозғалыс интервалын сақтап қалу үшін автобустар санын көбейтіп, 2 маршрут ұзартылды. Төрт маршрут желісіндегі 52 автобус жаңартылды. Осылайша, ауданның автобус паркі 100% жаңартылды. Екі маршруттың жүру интервалы қалпына келтірілді.



«2023 жылы біз ең көп сұранысқа ие үш маршруттағы (№69, №125 және №24) автобустарды жаңартуды жоспарлап отырмыз, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес, қала маңы аймағының тұрғындарын қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету үшін осы жылдың ІІІ тоқсанында Көліащы кентінен "Сәлем" базарына дейін №213 маршрутты іске қосу жоспарланған. Ол Алатау ауданының бір бөлігін қамтитын болады», - деді Ерболат Досаев. 



Өткен жылдың басында аудан бойынша аялдама кешендеріне жалпы қажеттілік 90 бірлікті құрады. 2022 жылы 40 аялдама орнатылды. Қалған 50 аялдама 2023 жылы орнатылады. Осылайша, аудандағы аялдамалардың жетіспеу мәселесі 2023 жылдың соңына дейін толық шешіледі. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#автобус #Аялдама #Алатау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.