ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Өмір-өзен / Алаш күні туралы бастама мемлекеттік комиссияның қ...

Алаш күні туралы бастама мемлекеттік комиссияның қарауына ұсынылмақ

Өмір-өзен 20.01.2023, 07:19 1,528
Алаш күні туралы бастама мемлекеттік комиссияның қарауына ұсынылмақ
Сурет: Bolashaq.edu.kz
Бұл комиссия 1920-1950 жылдардағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау мәселелерімен айналысуда.

Бұл комиссия 1920-1950 жылдардағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау мәселелерімен айналысуда.


Әлихан Смайылов 12 желтоқсанды – Алаш күні деп белгілеу жөніндегі бастаманы Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның қарауына ұсынбақ, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Президенттің Жарлығымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау бойынша құрылған мемлекеттік комиссия жұмыс істеп жатыр. Ол комиссия өз құзыретіне сәйкес 1920-1950 жылдардағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық, заңды және саяси тұрғыдан ақтау мәселелерімен айналысуда.



«Жыл сайын «Ақ жол» партиясының бастамасымен ұйымдастырылатын «Алашқа тағзым» шеруі мен жылдағы дәстүр бойынша 31 мамыр – Саяси қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай жоғары деңгейде іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр. Алдағы уақытта көтерілген мәселе саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның қарауына ұсынылатын болады», - дейді Әлихан Смайылов.



Бұл бастаманы депутат Берік Дүйсенбинов көтерген болатын.



Ол өз сөзінде «іс жүзінде хандық үлгідегі ыдырап  кеткен Қазақ мемлекеттілігін қайта жаңғыртуда, яғни, бүгінгі тәуелсіздіктің негізін қалауда ХХ ғасырдың басында заманауи Қазақ мемлекетін құруға ұмтылыс жасап, білім мен  қажыр-қайратын салып, осы жолда шахид болған Ұлт көсемдерінің, Алаш Республикасы арыстарының ролін ерекше атап өтуіміз керек. Биыл Алаш Республикасының құрылғанына 105 жыл толды. Естеріңізге сала кетейін, 29 маусымда «Ақ жол» фракциясы бұл датаны мемлекеттік деңгейде атап өтуді талап еткен депутаттық сауал жолдаған болатын. Алайда, Үкімет бұл мәселені өкілетті министрліктерге тапсырғаны туралы жүре  жауап берді. Сонымен, өкінішке қарай, бұл  тарихи дата тағы да  атаусыз қалды.  Бұл мерейлі күнді тек алаштанушылар мен біздің «Ақ жол» партиясы ғана түрлі  іс-шара өткізіп, атап өтті. Бүгінде тарихи әділдікті орнататын күн жетті деп санаймыз. Тарих тағылымын ұрпаққа насихаттау мақсатында алаштанушы ғалымдардың бастамасын қолдай отырып,  Тәуелсіздік күнінің қарсаңындағы 12 желтоқсанды – тарихи құжаттармен дәлелденген Алаш Республикасының құрылған күні ретінде – «Алаш күні» деп ресми белгілеуді және жыл сайын мемлекеттік деңгейде атап өтуді сұраймыз», - деген еді.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,273 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.