ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Білім және ғылым / Алаш арыстары ашқан университет

Алаш арыстары ашқан университет

Білім және ғылым 03.11.2023, 11:56 1,520
Алаш арыстары ашқан университет
almaty-akshamy.kz
Абай университеті 95 жылдығын тойлады

Абай университеті 95 жылдығын тойлады


Абай атындағы Қазақ ұлттық академиялық опера және балет театрында қазақтың осынау бас ақынының атын иемденген Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне 95 жыл толуына орай мерекелік шара өтті.


Аталған білім ордасы – елімізде ашылған ең бірінші жоғары оқу орны. Оған қоса, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы ірі ғылыми және педагогикалық білім беру орталығы. Университеттің қалыптасуына ұлт зиялылары – Ахмет Байтұрсынұлы, Халел Досмұхамедов, Темірбек Жүргенов, Сәкен Сейфуллин, басқа да көптеген көрнекті қайраткерлер зор үлес қосты.




95 жылдық тарихында білім мен ғылымның қара шаңырағы бүгінгі күнге дейін өз алтын ұясынан отандық педагогиканың дамуына тың серпін беріп, 200 мыңға жуық педагог пен 4 мыңнан аса ғылыми кадрды қанаттандырды. Бүгінде университет әлемнің 25 мемлекетінің 138 жоғары оқу орындарымен әріптестік байланыста жұмыс істейді. Абай университеті әлемдік және отандық рейтингтерде үздік университеттер қатарында. 




«Университеттің 95 жылдығы – ЖОО-ның осыған дейін жеткен жетістігін түйіндеп, пысықтап, алдағы уақыттағы жұмыстарды жоспарлауға қолайлы меже. Демек, бүгінгі салтанатты шарада біріншіден, университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы марапатталып, қошеметтелді. Екіншіден, бұл мереке – университеттің әр жылдарғы түлектері мен осы күнгі оқып жүрген студенттер қауымына оқу орнының жеткен жарқын жетістіктері мен алда күтіп тұрған мақсат-межелерін көрсетуге мүмкіндік беретін сындарлы сәт.



Университеттің іргетасын қалаған тұңғыш ректоры Санжар Асфендияров, Ахаң – Ахмет Байтұрсынұлы сынды арыстарымыздың, Ұлы Мұхаң – Мұхтар Әуезов, көп жылдар бойы университет ректоры болған Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллин тәрізді ғұлама ғалым, ұлағатты ұстаздардың осы университетте сабақ беріп, әкімшілік қызмет атқарғанының өзі бізге үлкен мақтаныш, сонымен бірге зор жауапкершілік те жүктейді, – деді  Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Басқарма төрағасы – ректоры Болат Тілеп. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,268 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.