AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алакөл жағалауында қауіпсіздік, инфрақұрылым мен т...

Алакөл жағалауында қауіпсіздік, инфрақұрылым мен туризм қатар дамып келеді

Әлеумет 04.07.2025, 10:08 1,320
Алакөл жағалауында қауіпсіздік, инфрақұрылым мен туризм қатар дамып келеді
gov.kz

Кейінгі үш жылда Алакөлге 4,8 миллион турист келген, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 

Аудан әкімдігінің мәліметі бойынша, биыл 51 жұмыс орны ашылып, 17 туристік нысан іске қосылған. Нәтижесінде 2,4 млрд теңге инвестиция тартылды. Сонымен қатар, 500 орындық 3 ірі туристік нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр. 

Туризммен қатар қауіпсіздік пен инфрақұрылым да күшейтілді: жағалауда бейнебақылау камералары мен дрондар көмегімен қоғамдық тәртіп пен судағы қауіпсіздік қадағаланып жатыр.

Тыйым салынған аймақтарда жүзіп жүрген су көліктеріне айыппұл салынып, инспекторлар саны артты. Сонымен қатар, жағалауға жедел жәрдем, дәріхана, 22 санитарлық-гигиеналық торап, 180 қоқыс контейнері және жаңа медициналық пункттер қойылды. 

Электр тапшылығын жою үшін "Ақши" қосалқы станциясы іске қосылып, 56 шақырым жоғары кернеулі желі тартылды. Бұл - болашақтағы жүктемелерді де ескеретін ұзақмерзімді шешім.

Ал Ақши ауылында кәріз жүйесі мен тазарту құрылғысы салынып жатыр. Байланысты жақсарту үшін 16 базалық станция жұмыс істеп, оптикалық интернет желісі тартылған.

Жетісу облысы Алакөл ауданын туризм, көлік-логистика, әлеуметтік инфрақұрылым бағытында кешенді түрде дамытып келеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жетісу облысы #Алакөл #туризм
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);