AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / «Алаяқтық ісі»: шахматшы Шевченко Испания командал...

«Алаяқтық ісі»: шахматшы Шевченко Испания командалық чемпионатынан шығарылды

Спорт 17.10.2024, 09:02 1,282 Nursok82
«Алаяқтық ісі»: шахматшы Шевченко Испания командалық чемпионатынан шығарылды
Мария Емельянова/Chess.com.

Испанияның Мелилье қаласында өтіп жатқан 2024 жылғы командалық чемпионатында қызықты оқиға орын алды. 22 жастағы Кирилл Шевченко, C.A. Silla - Integrant Col·lectius командасының мүшесі, чемпионатқа қатысушылар қатарынан шығарылды., деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Ал оның бірінші және екінші турдағы жеңістері мен тең ойындары жеңіліс деп саналды. Оған алаяқтықпен айналысқаны туралы айып тағылды.

Бұл шешімді шараның бас судьясы Оскар Бруно де Прадо Родригес қабылдады. Ол Шевченконың әділетсіздік жасағанына қатысты ешқандай күмән қалмағанын мәлімдеді.

Тексеру барысында шахматшының ойын барысында жиі дәретханаға кетіп қалғаны, бірақ арбитрлерге алдын ала хабарламағаны анықталды. Кешкісін едент жуушы дәретханадан телефон тауып алып, чемпионат өтіп жатқан қонақүйдің әкімшілігіне берген. Келесі күні сол дәретханада тағы да телефон табылды, ал Шевченко дәл осы кабинкаға жиі кірген.

Судьяның сұрауы бойынша шахматшының дәретханаға жеке кетуіне бақылау орнатылды. Ұйымдастырушылар Шевченконың телефон табылғаннан кейін де дәретханаға кіріп, әлгі кабинканың есігі жабық болса, басқаларына кірмей соны ашылғанын күтетінін байқаған. 

«Тексеру барысында жиналған дәлелдерге сүйене отырып, мен осы шахматшының ойын барысында мобильді телефон қолданғанына толық сенімдімін. Сондай-ақ, ол ойын залын тастап кеткенде маған хабарлауды немесе сұрануды орындамады. Бұл ФИДЕ ережелерін бұзуды білдіреді», — деді чемпионаттың бас судьясы Chess.com сайтына берген сұхбатында.

Оқиға туралы есеп, барлық дәлелдермен бірге Испания шахмат федерациясының (FEDA) судьялық комитетіне және ФИДЕ этикалық комиссиясына жіберілді.

Кирилл Шевченко — 22 жастағы шахматшы. Украинада туған, 2023 жылдан бері Румыния үшін ойнап жүр. Ол әлемдік рейтингте 69-орында, 14 жасында гроссмейстер атанған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#шахмат #Талап #ойын ережесі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57

Қазақстандық ғалым әлемдік стоматологияға жаңа көзқарас ұсынуда

Бүгін 17:51

Қоғамның тұрақты дамуы отбасының беріктігіне байланысты

Бүгін 17:34
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);