AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / Алаяқтарға алданбаудың қарапайым тәсілдері қандай?

Алаяқтарға алданбаудың қарапайым тәсілдері қандай?

Керек кеңес 26.07.2023, 05:52 2,100
Алаяқтарға алданбаудың қарапайым тәсілдері қандай?
Сурет: El.kz

Елімізде кибер қылмыс саны көбеймесе, азаяр емес. 


Биылғы алты айдың өзінде 9500 заңбұзушылық тіркелген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Qazaqstan.tv таратқан ақпаратқа сай, интернеттегі алаяқтық әсіресе Астана, Алматы қалалары мен Қарағанды облысында көп.


 Қазір адамдарға қатысты маңызды мәліметтер, есепшот нөмірлері, жеке парақшалар мен пошталардың құпия сөздері - осының  бәрі де желіде тұр. Осындай өте құнды дүниеге оңай  қол жеткізуге   оңай қол жеткізуге қызығудан алаяқтар мен онлайн ұрылар да көбейіп отыр. Олар түрлі қулықпен мәліметтерді қолына түсіріп, әп сәтте қалтаны қағып түсіреді. 


Онлайн алаяқтықтың көпшілігі интернеттегі сауда алаңдарында жасалады.  Танымал компаниялардың атын жамылған жалған сайттар мен күмәнді сілтемелер де қауіпті. Сол арқылы көбіне төлем картасы мен құпия сөзі қолды болады. Банк қызметкері болып телефон шалатындар да азаймай отыр. Бұл қылмыстық схеманы көпшілік жақсы білсе де, қармаққа түсіп қалатындар бар.



«Бір жәбірленушінің 150 миллиондай депозитінде ақша болған. Банк қызметкері ретінде телефон шалған. Бір ай бойы ол депозиттегі ақшаны шешіп, арнайы алаяқ берген шотқа жібере берген. Бір ай ішінде не ішкі істер органдарына, не арнайы адамдардан кеңес алмаған», - ҚР ІІМ Киберқылмысқа қарсы күрес орталығының аға жедел уәкілі Қаныш Ашжанов.



Мамандар кибер қылмыскерлердің құрығына түспеу үшін қарапайым ережелерді сақтау керек дейді.



Арзан тауардың жарнамаларына сене беруге болмайды. Телефонға келген күмәнді сілтемелерді ашпаған жөн. Күдік тудырған сайттарға жеке деректерді қалдыруға болмайды. SMS арқылы келген және банк қосымшасының құпия сөзін ешкім білмеуі керек. Бейтаныс адамдардың өтінішімен телефонға қосымшаларды орнатпаңыз. Карта бойынша лимиттер мен шектеулер қойған жөн. Және қосымшалар мен парақшалардың құпиясөздеріне мұқият болу керек.




«Пароль біріншіден, ұзын болуы керек, оңай болмауы керек. Екіншіден, онлайн түрде сақтамаған жөн. Үшіншіден, барлық жерге бірдей пароль қоймау керек. Банктен хабарласып тұрмын дегендер көбейіп кетті ғой, соңғы уақытта. Олармен күресудің тағы бір амалы, телефонды қойып, өзіңіз банкке хабарласқан дұрыс», - дейді IT-маман Азат Мақсатұлы.



Интернеттегі қылмыстың басым көпшілігі ашылмайды. Биылғы 6 айдың өзінде ел азаматтары 6 млрд теңгеге алданып қалған. Сондықтан да әрдайым сақ жүрген абзал.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алаяқтар #сақтану #қорғану жолдары
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);