AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Алаяқтар «Қазақстан халқына» қорының атынан «жәрде...

Алаяқтар «Қазақстан халқына» қорының атынан «жәрдемақы төлемек» болған

Оқиға 08.02.2022, 11:24 1,297
Алаяқтар «Қазақстан халқына» қорының атынан «жәрдемақы төлемек» болған
Сурет: Elorda.info

«Қазақстан халқына» қоры тек ресми ақпаратқа сенуге шақырды


Алаяқтар қайырымдылық ұйымдарының бірыңғай платформасын пайдаланып, қазақстандықтар атына несие рәсімдеуге талпынуда. Бұл туралы «Қазақстан халқы» қорының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 


Тек демалыс күндері «Атамекен» ҰКП байланыс орталығына осындай шағымдармен 250 адам жүгінсе, дүйсенбі, 7 ақпанда осы тектес тағы 186 қоңырау түскен.


Өтініштердің бірінде Шымкент қаласының тұрғыны атаmekenim.kz сайтында көмекке өтініш беріп, барлық мәліметті толтырғаннан кейін экранда несиенің сәтті өңделгені туралы ақпарат пайда болғанын, содан кейін оған одан әрі ақшалай несие рәсімдеу туралы ұсыныспен бейнеқоңырау түскен.


Дәл осындай оқиға Өскеменде де болған. Онда қала тұрғынына электронды үкіметтің жалған порталы атынан SMS-хабарлама жіберіліп, одан кейін ақшалай көмек түрінде 1 166 000 теңге алу үшін жолданған SMS кодын атауды сұраған алаяқ телефон соққан.


Қордың әлеуметтік желідегі мессенджерлеріне «Қазақстан халқына» қоры атынан телефон соққан алаяқтар төлеуге уәде еткен 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік жәрдемақыға қатысты сұрақтар келіп түскен.



«Қор мессенджерлер арқылы бейне немесе аудиоқоңыраулар жасамайды. Жалғыз байланыс құралы – qazaqstanhalqyna.kz сайты және atamekenim.kz қайырымдылық ұйымдарының бірыңғай платформасы. Біз азаматтардың қауесеттерге сенбеуін және алаяқ ұйымдардың арандатуына берілмеуді сұраймыз. Тек ресми ақпаратқа сеніңіз», – дейді «Қазақстан халқына» қорының ресми өкілі Әлібек Әбділов.



Сондай-ақ мұндай алаяқтық фактілерін айтып, жерлестерін ескертіп жүрген қамқор жандарға алғысын білдірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жәрдемақы #алаяқтық #қор
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);