ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Оқиға / Алаяқтар мектеп оқушыларын алдауға көшті: ата-анал...

Алаяқтар мектеп оқушыларын алдауға көшті: ата-аналарға не білу керек?

Оқиға 19.09.2025, 10:57 480
Алаяқтар мектеп оқушыларын алдауға көшті: ата-аналарға не білу керек?
Сурет: depositphotos.com
Қазақстанның Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мектеп оқушыларына бағытталған жаңа алаяқтық әрекеттер туралы ескертті, деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі.

Қазақстанның Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мектеп оқушыларына бағытталған жаңа алаяқтық әрекеттер туралы ескертті, деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі. 

Комитеттің мәліметінше, жаңа оқу жылы басталғалы бері белгісіз адамдар балаларға қоңырау шалып, өздерін мұғалім ретінде таныстырып, түрлі сылтаумен SMS арқылы келген құпия кодтарды сұраған.

"Олар "электрон күнделікті қайта шығару қажет" деген желеумен SMS кодтарын алдап сұрап алады. Балалар бұл әрекетті ата-анасына немесе мектепке көмектесу деп ойлап, шын мәнінде алаяқтарға мемлекеттік қызметтерге, онлайн-банкингке немесе туыстарының банк шоттарына кіруге мүмкіндік беріп отыр", - делінген комитет таратқан хабарламада.

Министрлік SMS арқылы келетін кодтар - тек жеке ақпарат екенін ескертіп, оларды ешкімге, тіпті мұғаліммін деген адамға да айтуға болмайтынын қатаң ескертеді.

Балаларға мына дүниелерді ескерту керек:

  • ешқандай жағдайда SMS-кодтарды ешкімге бермеу;

  • күмән туса, бірден ата-анасына хабарласып нақтылау;

  • күмәнді сілтемелерге өтпеу және бейтаныс қосымшаларды жүктемеу.

Ата-аналарға кеңес:

  • мұғалімдер мен мектеп қызметкерлері ешқашан SMS-кодтар немесе банк картасының деректерін сұрамайтынын балаға түсіндіру;

  • телефонға ата-аналық бақылау орнатып, бейтаныс нөмірлерден келген қоңырауларды қадағалау;

  • балаңызбен сенімді қарым-қатынас орнатып, ол мұндай жағдайлардан қорықпай хабарлай алатындай ету.

Күмәнді әрекеттер байқалса, полицияға немесе 111 байланыс орталығына хабарласу қажет.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,429 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.