Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алаяқтар байланысқа шыққан алабөтен нөмірлер бұғат...

Алаяқтар байланысқа шыққан алабөтен нөмірлер бұғатталады

Әлеумет 04.08.2022, 17:00 1,153
Алаяқтар байланысқа шыққан алабөтен нөмірлер бұғатталады
Сурет: Inform.kz

Телефон арқылы алаяқтық жасау фактілері көбеюде


Қыркүйек айының соңына дейін байланыс операторлары алаяқтар қоңырау шалатын жалған телефон нөмірлерін анықтап, бұғаттайтын болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Әлеуметтік желіде жазды.


Ол бүгін, 2022 жылдың 4 тамызында ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжановпен бірлесе өткен кеңесте интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланғанын жеткізді.


Өкінішке орай, елімізде интернет пен телефон арқылы алаяқтық жасау фактілері көбеюде. Мәселен, 2016 жылы - 1 мың жағдай тіркелген болса, 2021 жылы - 21 мыңға дейін өскен.



«Біз қазіргі уақытта байланыс операторларымен бірге осы мәселеге қатысты бірлескен іс-шараларды жүзеге асырудамыз. Бүгінгі таңда алаяқтармен күресудің тиімді әдістерінің бірі- жалған нөмірлерді бұғаттау. Қыркүйек айының соңына дейін байланыс операторлары алаяқтар қоңырау шалатын жалған телефон нөмірлерін анықтап, бұғаттайтын болады»,-деп жазды Мусин.



Цифрлық даму министрлігі азаматтардың қауіпсіздігін ескере отырып, ұялы нөмірлерді тіркеу кезінде биометриялық сәйкестендіру жүйесін енгізуді қарастыруда. Осылайша, біз телефон нөмірлерінің бөтен адамдарға тіркелу жағдайларының алдын алғымыз келеді.


Сондай-ақ, біз интернет-алаяқтыққа қарсы ақпараттық-түсіндіру бағытында банктермен тығыз әрекет жасауды ұсынамыз, өйткені алаяқтық фактілердің орын алуы көп жағдайда банк операцияларымен тікелей байланысты. Банк қызметкерлері тұрғындарға хабарласқан уақытта, оның шыныменде банктен хабарласып тұрғанына көз жеткізу үшін SMS-хабарламалар арқылы сәйкестендіру жүйесін енгізуге болады.


Кездесу барысында Қоғамдық кеңес мүшелері интернет алаяқтығы мәселесін шешу тұрғысында өз ұсыныстарын ортаға салды. Мысалы, алаяқтарға және олардың айла-амалдарына қатысты барлық мәліметтер енгізілетін арнайы платформа құру туралы да айтылды.



«Біз ұсынған бастамалар проблеманы түбегейлі жоймайтынын атап өткім келеді, бұл - мәселені шешудің бір ғана бөлігі. Сондықтан технологиялық тұрғыдан басқа, арнайы жобалар арқылы халықтың қаржылық және заңдық сауаттылығын арттыру бағытында жұмыстарды күшейтуіміз қажет. Интернет алаяқтық мәселесін тиімді шешу бағытында көптеген идеялар мен тың ұсыныстар айтылды. Енді олардың барлығын бірлесе іске асырумыз қажет»,-деді министр.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#телефон #алаяқтық #бұғаттау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.