AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / ALA CRAFT 2025 фестиваліне 100-ден астам қолөнер ш...

ALA CRAFT 2025 фестиваліне 100-ден астам қолөнер шебері жиналады

Барлығы 30.09.2025, 09:15 890
ALA CRAFT 2025 фестиваліне 100-ден астам қолөнер шебері жиналады
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

4–5 қазанда Республика сарайының алдындағы Абай алаңында Алматы туризм басқармасының қолдауымен халықаралық ALA CRAFT 2025 қолөнер фестивалі өтеді.

Іс-шараға Қазақстаннан және шетелден келген 100-ден астам шебер қатысып, дәстүрлі және заманауи қолөнер туындыларының үздік үлгілерін ұсынады, деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Қонақтарды авторлық бұйымдар жәрмеңкесі, ашық шеберлік дәрістері және «Шебер» республикалық байқауының үздік жұмыстарының көрмесі күтеді. Байқаудың жүлде қоры серіктес Chevron компаниясының қолдауымен қамтамасыз етілген. Жеңімпаздар шетелде білім алып, басқа елдердің әріптестерімен тәжірибе алмасуға мүмкіндік алады.

Фестивальдің басты оқиғаларының бірі – Алматыға Дүниежүзілік қолөнершілер кеңесінің (World Craft Council) шешімімен «Әлемдік қолөнершілер қаласы» мәртебесінің ресми түрде берілуі. Бұл қаланың бай қолөнер дәстүрі мен өңірдің креативті экономикасын дамытуға қосқан үлесінің халықаралық деңгейде мойындалуы.

Зергерлер Серікқали Көкенов, Серік Рыспеков, Сержан Баширов, музыкалық аспап шебері Жолаушы Тұрдығұлов, сондай-ақ этно-дизайнерлер Айжан Бекқұлова, Тілек Сұлтан, Әуес Сағынаева және Айдархан Қалиев жетекшілік ететін Aspara бренді сынды белгілі қазақстандық шеберлер бұйымдарын таныстырады. 

Шетелдік қонақтардың қатарында WCC Азия-Тынық мұхиты аймағының президенті Джуд ван дер Мерве (Австралия), вице-президент Лейла Уолтер (Жаңа Зеландия), кеңесші Азиз Муртазаев (Өзбекстан), сондай-ақ Smithsonian Center for Folklife and Cultural Heritage (АҚШ) делегациясы бар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ALA CRAFT 2025 #қолөнер фестивалі #шебер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);