AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / әл-Фараби даңғылының оңтүстік қапталындағы жол жөн...

әл-Фараби даңғылының оңтүстік қапталындағы жол жөндеу жұмыстары аяқталды

Әлеумет 22.07.2023, 09:57 1,146
әл-Фараби даңғылының оңтүстік қапталындағы жол жөндеу жұмыстары аяқталды
Almaty-akshamy.kz

Алматыдағы әл-Фараби даңғылының оңтүстік қапталындағы жол жөндеу жұмыстары аяқталды: даңғылдың солтүстік жағы жөнделіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Алматыда әл-Фараби даңғылындағы жол жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес жүргізіліп келеді және жаңа оқу жылына дейін аяқталады. Қазіргі уақытта Торайғыров көшесінен Достық даңғылына дейінгі жолдың оңтүстік жағында жөндеу жұмыстары аяқталды – қозғалыс ашық. Назарбаев және Достық даңғылдарына бұрылыстар да жөнделді.


Келесі кезең - әл-Фараби даңғылының солтүстік қапталындағы көлік жолағын жөндеу.


22 шілде сағат 23:00-ден 24 шілде сағат 07:00-ге дейін әл-Фараби даңғылының Жарбұлақ өзенінен Сейфуллин даңғылына дейінгі аумақта полимерлі асфальтбетон жабынын төсеуге байланысты батыс бағытта көлік қозғалысы толық шектеледі.



Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Жарбұлақ өзенінен Марков көшесі аралығында реверсивті қозғалыс болады.


 Қозғалыс қауіпсіздігін патрульдік полицияның қызметкерлері қамтамасыз етеді. Жол жөндеу жұмыстары жайлы соңғы жаңалықтар қала әкімдігі мен қалалық мобильділік басқармасының ресми парақшаларында, сонымен қатар, 2ГИС қосымшасында қолжетімді.


Естеріңізге сала кетейік, Алматыдағы магистральдық көшелерге жол төсемін төсеуде алғаш рет жаңа технологияларды қолданылды. Асфальтбетондардың құрамында полимерлер қолданылады. Мұндай қоспалар тозуға төзімді, жұмсару температурасы жоғары (65-70°C), ыстыққа төтеп беріп, әлдеқайда ұзағырақ қызмет етеді. Қазіргі 5 жылдың орнына 8-10 жыл пайдалануға болады.


Жол жөндеу жұмыстары 2023 жылға жоспарланған жұмыстар аясында жүргізіліп отыр. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз. Бұл қала жолдары ұзағырақ пайдалануға қажетті шара. Маршрутты алдын ала жоспарлап алыңыздар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#әлфараби #жолдар #даңғыл
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);