Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Әл-Фараби даңғылын жөндеу кезінде жиектастар ауыст...

Әл-Фараби даңғылын жөндеу кезінде жиектастар ауыстырылмайды 

Әлеумет 14.06.2023, 13:59 1,060
Әл-Фараби даңғылын жөндеу кезінде жиектастар ауыстырылмайды 
Almaty-akshamy.kz

2023 жылы әл-Фараби дағылының Торайғыров көшесіндегі жолайрықтан Достық даңғылындағы жолайрыққа дейінгі аралығындағы жалпы ұзындығы 9,3 шақырымды құрайтын бөлігінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізу жоспарланған. Қазіргі кезде жөндеу жұмыстары көлік қозғалысын ішінара шектеп қана жүргізілуде.


Жөндеу жұмыстары аясында жолдағы жиектастарды тегістеу қарастырылған. Тегістеу кезінде жиектастар алынып, жолдың бойында тиісті деңгейде қайта орнатылады.Жөндеу жұмыстары жүріп жатқан аумақта 34 500 м жиектас болса, соның тек 7683 метрі ғана алынып, сол жерге қайта орнатылады. 


Мердігер ұйым өкілдері атап өткендей, жиектастар ауыстырылмайды, себебі олар граниттен жасалған және өте төзімді. Олар тек тегістеледі. «Тегістеу дегеніміз – қисайған жиектастарды алып, қайта орнына орнату. Жол қозғалысы кезінде жиектастарға машиналар тиіп кетуі мүмкін немесе арнайы техника қар тазалау кезінде қисайтып кетуі мүмкін. Жиектас пен жол жабынының арасындағы саңылаулар жол бетінде жарықтардың пайда болуына алып келуі мүмкін. Жұмыс сапасын арттыру үшін асфальтты бетон жабынын төсер алдында жиектастар тегіс әрі тік тұруы тиіс», - деді компания өкілі. 



Еске сала кетейік, әл-Фараби даңғылы бұған дейін 2010 жылы жөнделген. Жөндеуаралық мерзімнің өтуіне байланысты тексеру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде жол бойында шұңқыр, ойылған, жарылған, отырған жерлер анықталып, жолдың жағдайы туралы техникалық қорытынды жасалды. Техникалық қорытынды негізінде аталған учаскелерді орташа жөндеу жұмысы жоспарына қосылды.


Алматы қалалық мобилділік басқармасы

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жолдар. #бордюралар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда "Құқық + AI: құқығыңды біл" атты экспромт-кездесу өтті

Бүгін 21:12

Сенімділік – жаңа күш: The National Interest басылымында Тоқаевтың мақаласы шықты

Бүгін 20:42

Алматыда жаңа екі медициналық мамандық енгізілмек

Бүгін 20:38

Дархан Сатыбалды Алматы инвесторлары және кәсіпкерлерімен кездесу өткізді

Бүгін 17:25

Референдум-2026: қала жұмыс ырғағында

Бүгін 17:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі