AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ QS WUR рейтингінде 150-ор...

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ QS WUR рейтингінде 150-орынға көтерілді

Білім және ғылым 10.06.2022, 07:22 2,068
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ QS WUR рейтингінде 150-орынға көтерілді
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті QS WUR халықаралық рейтингінде кезекті рет жоғары нәтижеге қол жеткізді.


Бір жылда университет Топ-200 ішінде 25 позицияға жоғарылап, 175-орыннан 150-орынға көтерілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазҰУ-дың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Әлемнің үздік университеттерімен бір қатарға орналасқан әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстанның жоғары оқу орындары арасында ғана емес, Орталық Азия мен ТМД елдерінде өзінің көшбасшылық позициясын дәлелдеді.


ҚазҰУ-дың үлкен жетістіктерге қол жеткізуі әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне трансформациялану жұмыстарының нәтижесі болып табылады.


ҚазҰУ-дың жаңа табысы – іскерлік басшылықтың, оқытушылар, ғалымдар мен білім алушылардың қарқынды жұмысының жемісі.


Бұл университеттің жаһандық бәсекеге қабілеттілігінің және халықаралық білім, ғылым кеңістігіндегі танымалдылығының айқын көрсеткіші.


Quacquarelli Symonds World University Rankings (QS WUR) халықаралық рейтингінің ресми нәтижелері 2022 жылдың 8 маусымында жарияланды.


Бұл рейтингке дүниежүзінің 2462 жоғары оқу орны қатысты, оның ішінде тек 1422 ЖОО ғана тиісті дәрежелерге ие болды.


QS WUR әлемнің үздік университеттерінің рейтингі 2004 жылдан бастап жарияланып келеді.


QS WUR рейтингінде әлемнің үздік университеттерін бағалау алты критерий негізінде жүргізіледі:


Академиялық бедел – 40 пайыз;


Жұмыс берушілер арасындағы бедел – 10 пайыз;


Оқытушылар құрамының студенттер санына арақатынасы – 20 пайыз;


Дәйексөздер индексі – 20 пайыз;


Шетелдік оқытушылардың үлесі – 5 пайыз;


Шетелдік студенттердің үлесі – 5 пайыз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Халықаралық рейтинг #ҚАЗҰУ #жоғары нәтиже
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);