AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен “Alatau-Aqparat” меди...

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен “Alatau-Aqparat” медиахолдингі ынтымақтастықты арттырады

Барлығы 07.10.2025, 21:57 842
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен “Alatau-Aqparat” медиахолдингі ынтымақтастықты арттырады
Самат Құсайынов

Бүгін “Alatau-Aqparat” медиахолдингінің шаңырағында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма мүшесі – әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Бақытжан Омаров қонақта болды. Құрметті мейманды медиахолдингтің бас директоры Ержан Қалымбайұлы және ұжым мүшелері қарсы алды.

Бақытжан Омаров өз сөзінде университет ректоры Жансейіт Қансейітұлы Түймебаевтың бастамасымен ҚазҰУ-да ауқымды істер атқарылып жатқанын атап өтті. 

“Бүгінде университет жасанды интеллектіні дамыту, робототехника мен суперкомпьютер орталығының жұмысын жетілдіру бағытында нақты қадамдар жасап келеді. ҚазҰУ базасындағы суперкомпьютер — Орталық Азиядағы ең қуатты есептеу құрылғыларының бірі, ал жақын уақытта университет ғалымдары дрон құрастыру жобасын іске қоспақ”, - деді ол. 

Кездесу барысында тараптар медиа және білім саласындағы өзара байланыстарды нығайту, жаңа жобаларды жүзеге асыру және жас мамандарды даярлау бағытындағы серіктестікті талқылады. Әсіресе, ҚазҰУ студенттерінің тәжірибеден өту мүмкіндігін кеңейту, өңірлік медиа кеңістікте өздерін кәсіби тұрғыдан шыңдау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Өз кезегінде медиахолдинг басшысы Ержан Қалымбайұлы жоғары оқу орындарымен тығыз байланыс орнатудың маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, “Alatau-Aqparat” редакциялары жас журналистерге кәсіби ортада тәжірибе жинақтап, заманауи медиа үрдістермен танысуға мүмкіндік беруге дайын.

Бұрыннан бар меморандум аясында медиахолдинг жұмыс беруші ретінде жыл сайын ҚазҰУ студенттерін жұмысқа қабылдап келеді.

Кездесу барысында Бақытжан Омаров жаңадан ашылған телестудияның жұмысымен және талай жылдық тарихы бар медиахолдингтің музей-кабинетімен танысты.

Кездесу соңында тараптар өзара ынтымақтастық туралы келісімге келіп, алдағы уақытта бірлескен жобалар, оның ішінде, “Вечерний Алматы” газетінің 90 жылдығы аясында бірлескен жобалар мен іс-шаралар ұйымдастыруға уағдаласты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Әл-Фараби #Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ #Меморандум
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);