Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Актерлар Ұлттық ұлан сарбаздарымен жүздесті

Актерлар Ұлттық ұлан сарбаздарымен жүздесті

Әлеумет 26.11.2024, 13:53 975
Актерлар Ұлттық ұлан сарбаздарымен жүздесті
aqshamnews.kz

Алматыда Ұлттық ұланның әскери қызметшілері еліміздің танымал актерлері Мұрат Бейсенбин және  Марат Абдуллаевпен кездесті. Бұл мәдени іс-шараға мегаполиске іссапармен келген ҚР Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының орынбасары, Халық қаһарманы генерал-майор Қайрат Үмбетов те қатысты. 

Әскердің оң бейнесін қалыптастырып, әскери қызметтің абыройын арттыра түсуге, кейінгі буын жастарды Отанды сүю, қадірлеу, оны қорғау үшін дайын болуға тәрбиелеуде өнер саласының да ықпалы зор екені сөзсіз. Оған кейінгі бірнеше жыл қатарынан Ұлттық ұланның қызметі мен ержүрек батырларына арналған фильмдердің түсірілуі, Ұлттық ұлан ән-би ансамблінің еліміздің әр облысына гастрольдік сапармен шығуы, ақпарттық-насихат жұмыстарының белсенді жүргізіліп тұратындығы, сарбаздармен кездесуге ақын-жазушылар, спорттағы чемпиондар, әр саладағы өнер адамдарының келіп тұруы дәлел бола алады. 

Бүгін де осындай жарқын жүздесу болып, әскери қызметшілер мен өнер адамдарының арасында сүбелі сұхбат болды. Кездесуге келген Мұрат Бисенбин Қазақстан ғана емес, алыс-жақын шетелдермен бірлесіп түсірілген оннан астам  кинокартинада ойнаған. Оның танымалдылығы «Рэкетир» фильміне түскен соң, арта бастаған. Бұдан бөлек, актер «Махамбеттің қылышы», «Гүлстан», «Әркім Голгофқа шыға алады» хикаясында және тағы басқа көптеген фильмде ойнаған. 

Ал актер Марат Абдуллаев «Захар Бүркіт», «Тараз», «Қазақ хандығы», «Бауыржан Момышұлы» туындыларында шебер ойынымен танылған. Экрандағы ер тұлғасымен көрерменді тәнті етіп жүрген актерлермен жүзбе-жүз кездесу әскери қызметшілер үшін ерекше жағдай болды. 

ҚР Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының орынбасары генерал-майор Қайрат Үмбетов өнер адамдарының жастарға  әскери-патриоттық тәрбие беру ісіне қосып жатқан үлестеріне алғыс білдіріп, Мұрат Бисенбин мен Марат Абдуллаевтің кеудесіне «Ұлттық ұлан қызметінің үздігі» төсбелгісін тақты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұлттық ұлан #әскер #Отан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33

Үш жеңіс: алматылық жас инженерлер Central Asia FIRST Championship 2026 чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті

Бүгін 09:11

Таразда белгісіз ер адамдар 13 жастағы қызды ұрлап әкетпек болған

Бүгін 09:07

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.