Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Әкімдіктер көмірмен қамтамасыз ету жұмыстарын тала...

Әкімдіктер көмірмен қамтамасыз ету жұмыстарын талапқа сай жүргізе алмай жатыр – ҚР ИИДМ

Әлеумет 12.08.2022, 15:00 1,080
Әкімдіктер көмірмен қамтамасыз ету жұмыстарын талапқа сай жүргізе алмай жатыр – ҚР ИИДМ
Сурет: Egemen.kz

«Ашық сағат алаңы» жобасында талқыланды


Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде «Ашық сағат алаңы» жобасы шеңберінде алдағы жылыту маусымына дайындық мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кеңеске жергілікті атқарушы органдар мен бизнес өкілдері, көмір өндіруші кәсіпорындардың мамандары қатысты.
ҚР ИИДМ Қара металлургия және көмір өнеркәсібі басқармасының басшысы Жанат Игісіновтің айтуынша, алдағы жылыту маусымына дайындық наурыз айында басталып кеткен.
Айта кетерлігі, министрлік облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар бөлінісінде 2022-2023 жылдарға арналған көмір өнімдеріне қажеттілік жоспарын, сондай-ақ бюджеттік ұйымдар мен халық үшін көмірді алдын ала дайындауды қарастыратын Жол картасын әзірлеген болатын.
Спикердің пайымдауынша, әкімдіктер тарапынан көмірмен алдын ала қамтамасыз ету бойынша жұмыстар нашар жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдарға көмір дайындау жұмыстарын аяқтау, сонымен бірге көмір бағасының заңсыз өсуіне қатысты бақылауды күшейту ұсынылды. Бұдан басқа, халық арасында көмірді сатып алу пунктері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Жалпы 2022 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша елімізде 56 млн тонна көмір өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,5 пайызға артық.
«Кездесуді қорытындылай келе, министрлік өкілі тапшылықты болдырмау үшін көмір жеткізушілермен белсенді өзара іс-қимыл жасау қажет екендігіне назар аударды. ҚТЖ өкілдеріне халықтың қажеттіліктеріне көмір тасымалдауға арналған вагондарды басым негізде қамтамасыз ету ұсынылды»,-делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР ИИДМ-де жан-жақты талқыланған жоспарлар мен шешімдерді қабылдау мақсатында «Ашық сағат алаңы» жобасы іске қосылған болатын. Диалог алаңы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру үшін министр Қайырбек Өскенбаевтың бастамасымен құрылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#әкімдік #көмір #Тұрғындар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.