AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Әкім орынбасарлары сөгіс алды

Әкім орынбасарлары сөгіс алды

Әлеумет 23.07.2025, 12:57 650 dulatbekova
Әкім орынбасарлары сөгіс алды
Сурет: Primeminister.kz

Балқаш қаласы Премьер-Министрдің орынбасары Ермек Көшербаевтың жетекшілігімен құрылған ведомствоаралық жұмыс тобы жүргізген республикалық инспекция барысында сынға ілікті.

Тексеру аясында Алматы, Қарағанды, Жетісу және Абай облыстарының курорттық аймақтары қамтылып, туризм саласындағы күрделі жүйелі проблемалар анықталды,  деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Инспекция қорытындысы бойынша Балқаш қаласының әкімі тәртіптік жазаға тартылып, оған ресми түрде сөгіс жарияланды. Мұндай шешім туристік инфрақұрылымның қанағаттанғысыз жағдайы мен жағажайларда санитарлық талаптардың өрескел бұзылуына байланысты қабылданған.

Премьер-Министрдің баспасөз қызметінің мәліметінше, коммуналдық жағажайлардағы ахуал ерекше алаңдаушылық туғызған. Тексеру барысында абаттандыру талаптарының сақталмауы, кәсіпкерлер тарапынан кассалық тәртіптің бұзылуы, чектердің берілмеуі, санитарлық-гигиеналық және қауіпсіздік нормаларының орындалмауы сынды заңбұзушылықтар тіркелген.

10–12 шілде күндері жұмыс тобы Балқашқа барып, жағдайды көзбен көріп қайтты. Делегация мүшелері туристермен кездесіп, демалыс орындарын аралап, көрсетілетін қызметтердің сапасымен танысты. Қалаға келген қонақтар инфрақұрылымның нашарлығы, қолайлылықтың жоқтығы, жағажайлардың тазаланбауы және қауіпсіздік шараларының сақталмауына қатысты шағым айтты.

Тексеру қорытындысында туризм саласына жетекшілік ететін Қарағанды облысы әкімінің орынбасарына қатаң сөгіс жарияланды. Сондай-ақ Балқаштың бірқатар ауылдық округ әкімдерінің атына да тәртіптік жаза қолданылды. Бұдан бөлек, облыстық туризм, кәсіпкерлік, экология, сәулет және сауда басқармаларының басшылары жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, экология, денсаулық сақтау, қаржы, су ресурстары, көлік және сауда министрліктерінің аумақтық бөлімшелерінің жетекшілеріне де тиісті шаралар қабылданды.

Қазіргі уақытта өңірде орталық мемлекеттік органдардың қатысуымен қосымша тексерулер басталды. Олардың нәтижесінде туризм инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған Жол картасы әзірленетін болады. Құжатта жүйелі мәселелерді жоюға арналған шұғыл іс-шаралар қамтылады.

Сонымен бірге, жұмыс тобының негізінде тұрақты түрде жұмыс істейтін жобалық кеңсе құрылды. Оның міндеті — курорттық аймақтардағы абаттандыру жұмыстарын, туристік қызмет сапасын арттыруды және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуді үйлестіру.

Еске салайық, биылғы жазда Балқаш қаласына туристер көптеп келгенімен, көрсетілетін қызмет сапасы мен инфрақұрылым деңгейі қоғамда кең талқыланған болатын. Жергілікті тұрғындар мен белсенділер бұл мәселені бұған дейін бірнеше рет көтеріп, енді ол Үкімет деңгейінде ресми жауапқа ие болды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#әкім орынбасарлары #Туризм саласы #проблемалар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық ғалым әлемдік стоматологияға жаңа көзқарас ұсынуда

Бүгін 17:51

Қоғамның тұрақты дамуы отбасының беріктігіне байланысты

Бүгін 17:34

Алматыда ауа сапасын бақылау жүйесі кеңейтіледі

Бүгін 17:27

Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару тарифі өзгертіліп, әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жеңілдіктер енгізіледі

Бүгін 17:25

Қазақстандық оқушылар Ташкенттегі олимпиадада үздік атанды

Бүгін 17:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);