AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Аюсай шатқалында экологиялық сенбілік өтті

Аюсай шатқалында экологиялық сенбілік өтті

Барлығы 03.11.2025, 14:10 744
Аюсай шатқалында экологиялық сенбілік өтті
Алматы әкімдігі

«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасын іске асыру аясында Алматы қаласының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы, қала Экология және қоршаған орта басқармасы және «Іле-Алатау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі бірлесіп Аюсай шатқалында сенбілік ұйымдастырды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Іс-шараның мақсаты – табиғи аумақтарды тазарту, ұлттық парктің экожүйесін сақтау және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті арттыру.

Акцияға қатысушылар шатқал аумағын тұрмыстық қалдықтан тазартып,  жапырақтылар, қылқанжапырақтылар мен жеміс ағаштарының 100 көшетін отырғызды. Бұл Алматының жасыл белдеуін кеңейтуге және табиғи ортаға оң әсер етуге мүмкіндік береді.

«ECO Network» экологиялық қозғалысы қала әкімдігінің «Эко-Хаб» жобалық кеңсесімен бірлесіп интерактивті экоаймақ ұйымдастырды. Қонақтарға пластикті қайта өңдейтін велосипед-шредердің жұмысы көрсетілді, қайта өңделген шикізаттан жасалған бұйымдар ұсынылды, сондай-ақ қалдықтарды бөлек жинауға арналған экобокстар орнатылды. Сенбілік барысында 1000-нан астам пластик бөтелке мен алюминий құтылары жиналып, қайта өңдеуге жіберілді.

Игі іске 500-ден астам адам қатысты: мемлекеттік органдардың өкілдері, ұлттық парк қызметкерлері, Полиция департаменті, жоғары оқу орындары, экологиялық және қоғамдық ұйымдар, бизнес-қоғамдастық, сондай-ақ қала тұрғындары бар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сенбілік #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);