Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Air Astana инженерлік-техникалық орталығында 50-ші...

Air Astana инженерлік-техникалық орталығында 50-ші C-check тамамдады

Әлеумет 16.02.2026, 16:35 93
Air Astana инженерлік-техникалық орталығында 50-ші C-check тамамдады
Air Astana

Air Astana Астанадағы өз инженерлік-техникалық орталығында мерейтойлық 50-ші C-check-ті Airbus A320 әуе кемесінде сәтті аяқтады. Бұл – әуекомпанияның құзыреттерін дамытудағы және Қазақстанда әуе кемелеріне күрделі техникалық қызмет көрсету жүйесін қалыптастырудағы маңызды кезең нышаны.

Елу C-check орындау инженерлік базаны дамыту, білікті кадрларды даярлау және Air Astana тобы ішіндегі өндірістік қуатты арттыру бойынша жүргізілген көпжылдық жүйелі жұмыстың нәтижесін көрсетеді. Әрбір C-check ондаған мың регламенттік жұмысты, халықаралық авиациялық стандарттарға қатаң сәйкес кешенді құрылымдық және жүйелік тексерулерді қамтиды және 20 мыңнан астам адам-сағатқа дейінгі еңбек ресурстарын талап етеді.

«Мерейтойлық 50-ші C-check – инженерлік құзыреттерді, инфрақұрылымды және адами капиталды дамытуға бағытталған дәйекті инвестицияларымыздың нәтижесі», – дейді Астанадағы авиациялық-техникалық орталықтың директоры Роберт Дандо. «Күрделі техникалық қызмет көрсету түрлерін өз күшімізбен орындау жұмыстар сапасына толық бақылау жасауға, шетелдік мердігерлерге тәуелділікті азайтуға және ел ішінде азаматтық авиацияның техникалық сараптамасын дамытуға мүмкіндік береді».

Қазіргі таңда Air Astana Алматы және Астанадағы техникалық базаларында Airbus әуе кемелері тобына C-check-тің барлық түрін дербес орындайды. 2019 жылдан бері әуекомпания стандарттыдан бастап ең күрделі түрлеріне дейінгі техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырды, оның ішінде: 28 – C1-check, 5 – C2-check, 10 – C6-check және 7 – C12-check. Осы уақыт ішінде жаһандық авиацияның үздік тәжірибесіне сәйкес халықаралық EASA Part 66 лицензиялары бар сертификатталған инженерлер мен механиктердің білікті командасы қалыптастырылды.

Жоғары технологиялық құзыреттерді жүйелі түрде дамыту Air Astana-ның Қазақстанның авиация саласын өркендетуге, технологиялық дербестікті нығайтуға және әуе кемелерінің жоғары сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлесін айқындайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Air Astana
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44

Алматыда Халықаралық журналистика бойынша қысқы мектеп өтіп жатыр

Бүгін 11:42

Алматыда жастар саясаты бойынша 2025 жылдың жұмыс қорытындысы шығарылды

Бүгін 11:18

Жаркентте төрт жасар ұлын аяусыз соққыға жыққан әйелге үкім шықты

Бүгін 11:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.