AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Air Astana-ға төртінші рет айыппұл салынды

Air Astana-ға төртінші рет айыппұл салынды

Заң мен тəртіп 06.08.2022, 11:31 1,357
Air Astana-ға төртінші рет айыппұл салынды
Сурет: Тwicopy.com

Бұл жолғы себепте рейстердің кешіктірілуіне қатысты болды


Fly Arystan Алматы – Атырау бағыты бойынша рейсті кешіктіргені үшін Air Astana әуекомпаниясына айыппұл салынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап.


Комитет өкілдерінің айтуынша, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың тапсырмасы бойынша ААК рейстерді кешіктіру кезінде жолаушылардың құқықтарын бұзғаны үшін авиатасымалдаушыларды жауапкершілікке тартуды жалғастырады.



«Тергеу барысында 2022 жылдың 16 шілдесінде «Эйр Астана» компаниялар тобына кіретін «Fly Arystan» бөлімшесінің Алматы – Атырау бағыты бойынша КС-7202 рейсі 12 сағат 9 минутқа кешіктірілгені анықталды. Ұшуды күткен кезде осы рейстің жолаушыларына Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы ҚР Заңының 86-бабының 1-бөлігінде көзделген қызметтер, атап айтқанда, қонақ үйде тұру бойынша қызметтер тиісінше ұсынылмаған», – делінген хабарламада.



Осыған байланысты биыл 4 тамызда әуекомпанияға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 567-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалып, оған сәйкес әуекомпанияға 1 000 АЕК (3 063 000 теңге) мөлшерінде айыппұл салынған.



«Бұл «Эйр Астана» әуекомпаниясы тобының рейс кешіктірілген кезде жолаушылар құқықтарының бұзылуы себебінен өткен айда жалпы сомасы 12 млн теңгеден асатын әкімшілік жауапкершілікке тартудың төртінші жағдайы. Комитет заңнамада көзделген міндеттемелерді орындамаған жағдайда авиатасымалдаушыларды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін қажетті шаралар қабылдайды», – деп атап өтті Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#рейс #кешігу #себеп #Айыппұл
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);