AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Air Astana-ға бір айда төртінші рет айыппұл салынд...

Air Astana-ға бір айда төртінші рет айыппұл салынды

Өмір-өзен 05.08.2022, 09:25 1,924
Air Astana-ға бір айда төртінші рет айыппұл салынды
Сурет: Stan.kz

Айыппұлдың жалпы сомасы 12 миллион теңгеден асты.


Fly Arystan рейстерін кешіктіргені үшін Air Astana компаниялар тобына тағы да айыппұл салынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.


Қазақстанның индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың тапсырмасы бойынша Комитет рейстердің кешігуі кезінде жолаушылардың құқықтарын бұзғаны үшін әуе тасымалдаушыларды жауапкершілікке тартуды жалғастырып жатыр.


Азаматтық авиация комитеті тергеу барысында анықтағандай, 2022 жылдың 16 шілдесінде Air Astana компаниялар тобына кіретін Fly Arystan бөлімшесінің Алматы – Атырау бағытындағы КС-7202 рейсі 12 сағат 9 минутқа кешіккен. Осы рейстің жолаушылары ұшуды күту кезінде оларға Қазақстанның әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы заңнамада көзделген қызметтер тиісті түрде ұсынылмаған. Жолаушыларға тұрақтау үшін қонақ үй қарастырылмаған.



«Air Astana әуе компаниясы тобы рейс кешігуі кезінде жолаушылардың құқықтарын бұзғаны үшін соңғы бір айда төртінші рет әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 12 миллион теңгеден асатын айыппұл арқалады», - деді Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев.



Оның айтуынша, Комитет заңнамада көзделген міндеттемелерді орындамаған жағдайда әуе тасымалдаушыларын әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін қажетті шараларды қабылдап жатыр.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Айыппұл #эйр астана #компания
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57

Қазақстандық ғалым әлемдік стоматологияға жаңа көзқарас ұсынуда

Бүгін 17:51

Қоғамның тұрақты дамуы отбасының беріктігіне байланысты

Бүгін 17:34
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);