ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Білім және ғылым / Аймағамбетов ел тұрғындарын Білім күнімен құттықта...

Аймағамбетов ел тұрғындарын Білім күнімен құттықтады

Білім және ғылым 01.09.2022, 03:50 1,649
Аймағамбетов ел тұрғындарын Білім күнімен құттықтады
Сурет: Ашық дереккөз
Бұл - мектеп бітіруші 170 мың түлек үшін де айрықша күн.

Бұл - мектеп бітіруші 170 мың түлек үшін де айрықша күн. 


ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов ел тұрғындарын Білім күні мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


«Сіздерді 1 қыркүйек – жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын! Бұл - ерекше эмоцияларды тудыратын мереке, өйткені бәріміз де оқушы болдық және осы күні ұмытылмас мектеп жылдарын еске аламыз. Бұл - бүкіл ұрпақты біріктіретін мереке.


Бұл күн, әсіресе бірінші сынып оқушылары, олардың аналары мен әкелері, ата-әжелері үшін көңіл толқытар сәттің бірі болады. Биыл 400 мыңға жуық бала 1 сыныпқа барады. Олар алғашқы әліппелерін қолына алып, білім әлеміне қадам басады.


Бұл - мектеп бітіруші 170 мың түлек үшін де айрықша күн. Өйткені түлектер қорытынды емтихандарға, университеттерге түсуге және өмірдегі жаңа кезеңнің басталуына дайындалады. Ол ыңғайлы болуы үшін былтырдан бері ҰБТ тапсыру рәсіміне бірнеше артықшылық енгізілді. Яғни бұл - ҰБТ-ны 4 рет тапсыруға және грантқа түсуге 2 мүмкіндік», - деді министр.
Сондай-ақ ол 7,6 мың мектепте 3,7 млн баланы қажырлы еңбегі мен жоғары кәсіби шеберлігі арқасында алғысқа бөленіп келе жатқан ұстаздарымыз оқытатынын атап өтті.


Қазақстандық мектептерде, колледждерде, балабақшаларда және басқа да білім беру ұйымдарында үздік мұғалімдер жұмыс істейді. Олар - өз ісіне берілген және шәкірттерінің қабілеттерін аша білетін кәсіби мамандар. Оқушыларымыздың халықаралық олимпиадалардағы жеңістері, колледж студенттерінің Workdskills чемпионаттарындағы жетістіктері және балаларымыздың басқа да жетістіктері соның дәлелі.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев педагогтер мен оқушыларды қолдауға ерекше көңіл бөліп отыр. 2023 жылғы қаңтардан бастап педагогтердің, балабақша тәрбиешілерінің және басқа да білім саласы қызметкерлерінің жалақысы тағы да 25%-ға өседі.


Халықаралық пәндік олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болған дарынды балаларға 4,7 млн теңгеге дейін сыйақы төленеді. Мұндай олимпиадалар тізімі тағы 7 зияткерлік сайыспен толығады. Оларға ЖОО-да оқуға гранттар да беріледі. Ұстаздар да біржолғы төлем алады.


Үлгерімі төмен балаларға ерекше қолдау, жылы сөздер және олардың жетістікке жететініне сенім қажет екенін түсіну маңызды. Сол себепті биыл Президенттің қолдауымен оқушылардың «БИЛ», «Дарын» сияқты мектептерде білім алуы үшін 15% квота енгіздік. Онымен қоса бірқатар арнайы бағдарламаны қолға алдық.


Ерекше қажеттіліктері бар балалар өздерін барынша жайлы сезініп, мектептерде оқи алуы үшін педагог-ассистенттер санын көбейтіп жатырмыз. Бұл осы бағыттағы кешенді жұмыстардың бір бөлігі ғана.


«Әріптестерім осы мәселеде мені қолдап, мейірімділікке, жылулыққа, қолдауға және өзіне деген сенімге мұқтаж жандарға түсіністікпен қарайтынына сенемін. Балаларға табысты оқу жылы мен зор денсаулық, жаңа білімге, жеңістер мен жаңалықтар ашуға күш-жігер тілеймін! Әріптестеріме шығармашылық табыс, еңбекқор және ынталы оқушылар, амандық пен табыс тілеймін! Баршаңызға Білім күні құтты болсын!» - делінген Асхат Аймағамбетовтің құттықтауында.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,428 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.