конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Әйгілі футболшы Пеле 82 жасында өмірден өтті

Әйгілі футболшы Пеле 82 жасында өмірден өтті

Әлем 30.12.2022, 02:29 1,276
Әйгілі футболшы Пеле 82 жасында өмірден өтті
Сурет: Ашық дереккөз

Ол қатерлі дертке қарсы күрес мақсатында бірнеше мәрте химиотерапиядан өтті


Бразилиялық атақты футболшы Пеле 82 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Бұл жөнінде AP агенттігі хабарлады.


1940 жылдың 23 қазанында Бразилияда дүниеге келген Э́дсон Ара́нтис ду Насиме́нту жанкүйерлерге Пеле деген лақап есімімен белгілі болды.


Ол - өзінің футболшылық мансабында үш мәрте әлем чемпионы атағын жеңіп алған жалғыз футболшы.


Атақты футболшы ұзақ уақыт бойы онкологиямен күресіп келді. Аталған ауру оның ағзасынан 2021 жылдың күзінде анықталған.


Қатерлі дертке қарсы күрес мақсатында бірнеше мәрте химиотерапиядан өтті. Кейіннен денсаулығы оған қарсы тұруға қауқарсыздық танытты.


Биылғы жылдың 29 қарашасында ол ауруханаға жатқызылды.


Емдеудің бірнеше курсын қабылдаған еді. Дегенмен ақпарат құралдары оның денсаулығы күн сайын нашарлай түскенін хабарлады.


Ол футболдағы алғашқы қадамын 1956 жылы Бразилияның «Сантос» командасында бастап, онда 1974 жылға дейін доп тепті.


Ал 1975-1977 жылдарда АҚШ-тың «Нью-Йорк Космос» клубында ойнады. Екі команда сапында 560 кездесуде қарсыластар қақпасын 541 мәрте дәл көздеді.


Ал Бразилия ұлттық құрамасы сапында 1957-1971 жылдарда 92 ойында 77 голдың авторы атанды.


Еске салсақ, 2020 жылдың 25 қарашасында аргентиналық әйгілі футболшы Диего Марадона дүниеден өткен еді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#футболшы #Пеле #қаза
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Атырауда Lotus Fest – 2026 фестивалі басталды

Бүгін 17:06

Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 96 жыл толды

Бүгін 17:02

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде түнгі уақытта көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі

Бүгін 16:54

Алматыда Gran Fondo World Championship әлем чемпионаты өтеді

Бүгін 16:48

Алматының Орталық стадионында Канье Уэсттің концертіне қызу дайындық жүріп жатыр

Бүгін 16:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);