ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Спорт / Әйелдер Гран-при шахмат турнирі: Бибісара жарысқа...

Әйелдер Гран-при шахмат турнирі: Бибісара жарысқа қатысты

Спорт 16.08.2024, 17:33 813
Әйелдер Гран-при шахмат турнирі: Бибісара жарысқа қатысты
Руслан Мазунин (KazChess)
14 тамызда Тбилисиде 2024/25 маусымының әйелдер арасындағы шахмат Гран-приінің алғашқы кезеңі басталды. Бұл кезеңде Қазақстанның алдағы шахмат Олимпиадасындағы жетекшісі Бибісара Асаубаева да бақ...

14 тамызда Тбилисиде 2024/25 маусымының әйелдер арасындағы шахмат Гран-приінің алғашқы кезеңі басталды. Бұл кезеңде Қазақстанның алдағы шахмат Олимпиадасындағы жетекшісі Бибісара Асаубаева да бақ сынауда, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Жаңа өзгерістер

2009 жылы бастау алған әйелдер Гран-приі классикалық шахматтан көп өзгерістерге ұшыраған жоқ және жаңа жеңімпаздарын жиі шығармады. Алғашқы үш серияны (2009/11, 2011/12 және 2013/14) сол кездегі әлем чемпионы қытайлық Хоу Ифань жеңіп алса, оны болашақ әлем чемпионы Цзюй Вэньцзюнь (2015/16) алмастырды, ал соңғы екі серияда ресейлік Александра Горячкина (2019/21) және Катерина Лагно (2022/23) жеңіске жетті.

Өткен жылдың қазан айында Халықаралық шахмат федерациясы (ФИДЕ) кезекті, жетінші Гран-при регламентіне айтарлықтай өзгерістер енгізді. Алдыңғы сериямен салыстырғанда, мынадай өзгерістер болды:

Турнирлер саны 4-тен 6-ға дейін ұлғайтылды;
Қатысушылар саны 16-дан 20-ға дейін артты;
Жүлде қоры $400 000-дан $600 000-ға дейін көбейді.

Қазақстандық шахматшы (Бибісара Асаубаева) бұл Гран-приге тағы да қатысып отыр және турнир кезеңдерінің бірі Қазақстанда (Шымкентте) өтеді. Дегенмен, өткен серия көрсеткендей, өз "үйіңде" ойнау көп нәтиже бермейді.

Қатысушылар

Екі ондыққа енген шахматшылардың 14-і түрлі турнирлерден іріктелген және 2024 жылдың 1 сәуіріндегі классикалық рейтинг бойынша таңдалған. Оларға ФИДЕ-нің арнайы шақырулары (Wild Cards) бойынша 6 шахматшы қосылды.

Міне, алғашқы қатысушылардың тізімі (жақшаның ішінде 1 тамыздағы классикалық рейтинг көрсетілген):

Лэй Тинцзе (Қытай, 2549) – әлем чемпиондығы матчының қатысушысы: 2023 жылдың шілдесінде Цзюй Вэньцзюньнан 5½:6½ есебімен жеңілді;

Александра Горячкина (ФИДЕ, 2545) – 2023 жылғы Әлем кубогының жеңімпазы;

Тань Чжунъи (Қытай, 2545) – 2023 жылғы Әлем кубогының жеңімпаздарының бірі;

Катерина Лагно (ФИДЕ, 2532) – 2022/23 маусымының Гран-при жеңімпазы;

Хампи Конеру (Үндістан, 2530) – рейтинг бойынша;

Анна Музычук (Украина, 2525) – 2023 жылғы Әлем кубогының жеңімпаздарының бірі;

Мария Музычук (Украина, 2508) – рейтинг бойынша;

Нана Дзагнидзе (Грузия, 2506) – рейтинг бойынша;

Вайшали Рамешбабу (Үндістан, 2506) – 2023 жылғы «Үлкен Швейцарка» жеңімпазы;

Харика Дронавалли (Үндістан, 2502) – рейтинг бойынша;

Сарасадат Хадемальшарьех (Испания, 2489) – қазіргі әлем чемпионы қытайлық Цзюй Вэньцзюньді (2563) рейтинг бойынша алмастырды;

Александра Костенюк (Швейцария, 2488) – рейтинг бойынша;

Нургюл Салимова (Болгария, 2412) – 2023 жылғы Әлем кубогының жеңімпазы;

Батхуягийн Монгонтуул (Моңғолия, 2346) – 2023 жылғы «Үлкен Швейцарка» жеңімпазы.

Уайлд-кард иегерлерінің бесеуі анықталды, бірақ бір орын әлі бос:

Бибісара Асаубаева (Қазақстан, 2470) – 2022/23 маусымының Гран-при қатысушысы;

Элизабет Петц (Германия, 2455) – 2022/23 маусымының Гран-при қатысушысы;

Лела Джавахишвили (Грузия, 2451) – дебютант;

Ставрула Цолакиду (Греция, 2429) – дебютант;

Регина Тайсль-Покорна (Австрия, 2302) – дебютант.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,259 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.