AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Әйел кәсіпкерлерге арналған «Үміт» бағдарламасы: ...

Әйел кәсіпкерлерге арналған «Үміт» бағдарламасы:  «Даму» қоры 10 миллиард теңге бөлді

Әлеумет 30.05.2024, 14:55 1,133 Bakyt
Әйел кәсіпкерлерге арналған «Үміт» бағдарламасы:  «Даму» қоры 10 миллиард теңге бөлді
Almaty-akshamy.kz. 

Әйел кәсіпкерлерге арналған жаңа «Үміт» бағдарламасы іске қосылды. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ әйелдердің бизнесін қаржыландыруға 10 миллиард теңге бөлді. Бұл бастама әйел кәсіпкерлерге бизнесті дамытуға кең мүмкіндіктер ұсынады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

«Үміт» бағдарламасы аясында Қазақстанның барлық өңірлері, соның ішінде ауылдар, шағын және моно қалалардағы кәсіпкер әйелдер екінші деңгейлі банктер арқылы несие ала алады. Инвестиция және айналым қаражатын толықтыруға берілетін несиенің максимал мерзімі – 84 айға дейін, шекті сомасы 100 миллион теңге.

Бағдарлама экономиканың барлық секторларын қамтиды, тек қаржы және сақтандыру саласы, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар және көтерме-бөлшек сауда ғана кірмейді.

Сонымен қатар, бағдарлама аясында «Даму» Қоры Еуропа қайта құру және даму банкімен (EBRD) әріптестігі аясында тегін оқу курстары мен тренингтер ұсынады. Бұл халықаралық ұйыммен бірлескен бағдарлама кәсіпкер әйелдерге бизнесті басқару және нарықтағы табысты бәсекелестік үшін қажетті кәсіби машық, білім мен құралдарға ие болуға мүмкіндік береді.

«Даму» Қорының Басқарма төрайымы Гаухар Бурибаева атап өткендей, «Үкімет Қазақстандағы шағын және орта бизнесті, оның ішінде әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға көп көңіл бөледі. Шағын және орта бизнес иелері құрылымындағы әйел кәсіпкерлердің үлесі «Даму» Қоры қолдаған жобалардың жалпы санының 47%-ына жетті. Қор жұмыс істей бастаған уақыттан бері әйел кәсіпкерлердің 96 мың жобасына 2 893 млрд теңге сомасында қолдау көрсетті. Бизнестегі арулар бизнес-идеяларын жүзеге асыру, компаниясын дамыту мен жаңа жұмыс орындарын ашу үшін берілген мемлекеттік қолдауды тиімді пайдаланатыны қуантады», - деп мәлімдеді.

«Даму» Қоры – Қазақстанда шағын және орта бизнесті дамытуды көздейтін мемлекеттік қолдау құралдарын жүзеге асыратын қаржы агенттігі. Қордың жалғыз акционері – «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#«Даму» Қоры #кәсіпкер әйелдер #қомақты қаржы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);